20 PVLDR Korrupcia 1 Қызметтік-әскери тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде қалалық ТЖ басқармасымен және ТЖ департаментінің жеке құрамымен сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Н. А. Бекжанов қатысты.
Назымбек Алпысбайұлы бірнеше рет ТЖБ өткізілетін осындай іс-шараларға қатысты, алдағы уақытта да ынтымақтасуға үміттенеміз. Ол жеке құрамға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың негізгі аспектілерін жеткізеді.
Дөңгелек үстел спикерінің "парасаттылық" түсінігі туралы сөйлеген сөзі кездесуге қатысушылардың есінде ұзақ қалады яғни, адамның парасаттылығы сыбайлас жемқорлық сияқты жағымсыз құбылыс туралы ойламайды.
"Ең алдымен, адамның парасаттылығы оның ішкі дүниесінде, оның дұрыс теңдестірілген жағдайында және қоршаған ортаға қатысты пайда болады. Ал егер кенеттен адам басына қалай байып, қандай да бір әрекеттен пайда табу туралы ой айналса, онда бұл адамның ауруы мен жұтаңдауы " деп өз сөзінде Назымбек Алпысбайұлы атап өтті. Сондай-ақ ол "таза символикалық сыйлық" бағасы қандай екенін тағы да еске салды.
Аумақтық ведомстводағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы кадр саясаты бөлімінің бастығы Р. Әлішев баяндады.
Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатердің біріне жатқызылғаны бірауыздан атап өтілді, осыған байланысты біздің қоғам осы күрделі, қоғамдық қауіпті және өте теріс құбылыспен күрес жөніндегі күш-жігерді біріктіруге бағытталуы тиіс.
 
Павлодар қ. ТЖБ