29 Aqtobe korrupcia Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Жемқорлық мәселесі мемлекеттік құрылымды іштей бұзып, еліміздің дамуына кері әсерін тигізуде.
Осы мақсатта, 2019 жылдың 10 қыркүйегінде Ақтөбе облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ психологтары жеке құрам арасында « Жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге бағытталған нәтижелі жұмыс жүргізу, сыбайлас жемқорлықтық тәуекелділіктің алдын алу болып табылады.
Тренинг барысында жемқорлыққа байланысты қызметкерлермен жағдаяттық және топтық ойындар жүргізілді. Тренинг соңында қызметкерлер жемқорлықсыз қоғамды құра білсек болашағымыздың жарқын, ұрпағымыздың саналы болатындығын ортаға салып, өз ойларын еркін жеткізе білдірді.
 
Ақтөбе облысының ТЖД
«ӨС және АҚЖҚ» ММ
Кадр жұмысы бөлімі