29 Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жыл сайын Қазақстан Президентінің Жолдауын мұқият тыңдайды және оқып шығады. 2018 жылдың 9 қаңтарында Елбасы қатысқан тікелей эфирді көру үшін азаматтық қорғау қызметкерлері Департаменттің Дағдарыс орталығына жиналды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде 10 негізгі тапсырманы мемлекеттің жүзеге асыруы қажеттігі туралы айтты. Олардың ішіндегі басым бағытының бірі - сыбайлас жемқорлықпен күрес болды.
Тікелей эфир аяқталаған соң әріптестер Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы туралы өз ойларын ортаға салды. Жолдаудың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа мүмкіндіктердің дамуы» атты жетінші тапсырмасында ұлт көшбасшысы білім беру мен медицинаның бағытын нақты белгіледі. Сонымен бірге бұл Жолдауда Президент бірыңғай электрондық еңбек биржасы, еңбек кітапшаларына электрондық пішімдеу енгізудің қажеттігін атап өтті, өйткені зейнетақы жүйесі еңбек өтіліне байланысты болады, -деді. Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауында: «Кім ұзақ жұмыс істейді, сол еңбегіне сай мол зейнетақы алатын болады. Осыған байланысты барлық қазақстандықтар өздерінің еңбек қызметіне жауапкершілікпен қарауы тиіс», - деп атап өтілді.
Н. Ә. Назарбаев төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында тарихи шыңның табалдырығында тұрған ұлт ретінде жұдырықтай жұмылып қызмет етуге шақырды.
 
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаменті