24 CMK mang texnika 1 «АМО» ММ құралымдарының техникалық жабдықталуын жоғарлату мен уақытылы және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді дамыту мақсаттарымен, Маңғыстау облысының жергілікті бюджетінен қаражат бөлініп, санитарлық көлік сатып алынды.
Жедел медициналық көмек көрсету көлігі - бұл зардап шеккендер мен науқастарды, медицина қызметкерлері мен медициналық жабдықтарды тасымалдауға, сонымен қатар зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуге арнайы құрастырылып жасалған көлік түрі болып табылады.
24 CMK mang texnika 2 Қажетті медициналық құрылғыларды сатып алу бойынша жұмыстарды филиал басшысы аумақтық ТЖ департаментімен біріге отырып жүзеге асырғандығын атап өтуіміз керек.
2016 жылы облыс басшылығының қолдауымен АМО-ның Маңғыстау облысы бойынша филиалының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бюджеттен қаражат бөліне бастаған, сол бөлінген қаражаттың арқасында
«Нива» оперативті автокөлігі және медициналық құрылғылар сатып алынған.
Медицина қызметкерлеріне науқастың өмірін сақтап қалу үшін қажетті іс-шараларды ертерек өткізуге жағдайдың болуы, заманауи құрылғылармен жабдықталулары өте маңызды.Осындай құрылғылармен жабдықталудың арқасында, мамандар алтын уақыттарын жоғалтпастан терапия курстарын кез-келген жерлерде – машинаның ішінде болсын өткізе алады.
 
ҚР ІІМ ТЖК Апаттар медицинасы орталығы