26 Atyrau Kr StoL 1 Атырау облысы ТЖД жылыту мауысым кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша дөңгелек үстел өткізілді
2017 жылғы 10 қазанында Департаменттің дағдарыс орталығында Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Р.Б. Бляловтың төрағалық етуімен «Жылыту мауысым кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша «ҚазТрансГазАймақ» АҚ, «Газинвест» ЖШС, Тұрғын -үй коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің, «Қазақстан-Атырау» каналының журналистерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Төраға дөңгелек үстелді ашып, сөзді Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Ж.О.Оразғалиеваға сөз берді. Өз сөз сөйлеуінде Жанылсын Оразбайқызы ағымдағы жылдың 9 ай бойынша жасалған талдауға сәйкес, облыс аумағында 258 өрт тіркелген, өткен жылдың аналогиялық кезеңінде 274 өрт, 2 адам қаза болған, өткен жылда 3. Тіркелген өрттердің жарты пайызы – тұрғын-үй секторындағы өрттер. «Бірталай айтылғандай, өрттердің негізгі себептері болып: тұрмыстағы электр, газ құралдарын қолдану кезінде өрт қауіпсіздік ережесін сақтамайтындықтан, балалардың отпен абайсыз қолдану», - деді баяндамашы. Әрі қарай Жанылсын Оразбайқызы 2016-2017 жылдарындағы жылыту мауысым кезеңіндегі тұншықтырғыш газбен уланулардың статистикасын келтірді. Баяндамашының сөзі бойынша тұншықтырғыш газбен уланудың себебі болып, пешті қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздік ережені сақтамау табылады.
26 Atyrau Kr StoL 2 Қала мен аудандарда қарқынды түрде өрт қауіпсіздік айлығы өтіп жатқаны туралы Жанылсын Оразбайқызы кезекті рет еске салды. «Төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында, біздің қызметкерлер насихаттау-профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатыр. Әр күн сайын жиналыстар, аула аралаулар, профилактикалық рейдтер, сонымен қатар «Қазақстан-Атырау» телеканалында, LED-экрандарда алдын алу сипаттағы бейнероликтер айналымдары, ұйымдастырылған», - деді баяндамашы.
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ маманы Тлепбергенова Орынтай келесі сөзді алып, дөңгелек үстелдің қатысушыларын «ҚазТрансГазАймақ» АҚ тұрмыстағы табиғи газды қолдану бойынша профилактикалық жұмыстар іске асыратынын ақпараттады. Газ мекемесі өкілінің айтуынша, тұншықтырғыш газбен улану себептеріне жасалған талдау бойынша көптеген тұрғын үйлерде түтіндіктерінде түтін тартуы шамалы немесе тіпті де жоқ екенін көрсетті, сонымен қатар олардың периодтық профилактикалық тазалауы жасалмайды. Уланулардың және жарылыстардың көп бөлігі жылыту құралдарын қолдану кезіндегі селқостық қатынас, олардың өздігінен қосылуы немесе тасымалдауы, өз қолынан жасалған газ қондырғаларын қолдану салдарынан болатыны анықталған.
2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30 бабының 4 тармағына сәйкес «Ғимараттардың, үй-жайлардың түтіндік және желдеткіш арналарының, инженерлік коммуникацияларды қосу нығыздамаларының иелері олардың жарамды техникалық күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті». «Мекеменің жасалапы жатқан алдын алу шараларына қарамастан, халықтың хабардарлықтары төмен болып келеді», - деді Орынтай Тлепбергенова.
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ қызметкері сөз сөйлеуін қорытындылай келіп, жылыту мауысым кезеңінде біріккен рейдтер өткізу керектігі туралы айтты.
Айтылған сөздерді қорытындылап, дөңгелек үстел төрағасы туысқандардың өмірлері мен деңсаулықтарын, мүліктерін сақтау үшін, өрт қауіпсіздік қарапайым ережелерді сақтау керектігі туралы тағы да еске салды: қатты және газ отында жылыту құралдарының күйін тексеру, түтіндіктерді күйеден тазалау, құдықтарда жарықшақтарды бітеу, пештердің есіктерінде жапқыштарды тексеру, түтін шығарығыштың күйін тексеру үшін үйге маманды шеберді шақыру; электр сымдардың күйін тексеру; электр торына артық жүк салмау үшін, бір мезгілде бірнеше тұрмыстық құралдары торға салмау.
 
Атырау облысы ТЖД
Өрт қауіпсіздігі шарасындағы
бақылау және профилактикалық
қызмет басқармасы