Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамымен бірлесіп балалардың қауіпсіздігі бойынша әлеуметтік бейнероликтер әзірлеп, халықтың назарына ұсынады.
Роликтер балалардың өз өмірін сақтауға үйретуге ересек адамдарды шақыру қағидаты бойынша жасалған. Онда балалардың оқыс оқиғалар кезінде қаза болуы статистикасы да келтірілген.
Бейнеоликтер түсіріліміне Астана қаласындағы № 63 мектеп-гимназияның оқушылары қатысты, ТЖ комитеті аталмыш мектеппен өскелең ұрпаққа ТЖ-ның әртүрлі түрін үйрету жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде. Мектепте ТЖ комитеті мен оның бөлімшелерінің қызметкерлері мектеп оқушыларына ТЖ кезіндегі жүріс-тұрыс қағидаларын үйрету бойынша тиісті сабақтар өткізуде.
Біз осы әлеуметтік бейнероликтер ата-аналардың бұл өткір тұрған мәселеге назар аударуына себеп болады деген ойдамыз. Біздің негізгі мақсатымыз бұл әрине балалар арасындағы оқыс оқиғаларды азайту. Сонымен қатар баланың қойған бұл сұрағы ересек адамның өзін ТЖ-ның сол немесе басқа түрінен қалай сақтануға болатынын біле ме екені туралы ойландырады.
 
Балалардың отпен ойнауы

Улы газ

Суға шомылу маусым

 
 
Руслан Иманқұлов,
Қазақстан Республикасы ІІМ
Төтенше жағдайлар комитетінің
ресми өкілі