26 ASR Kar da 2017 жылдың 2 тамызында Балқаш қаласының құтқару бекетінен 3,7 км ара-қашықтықта 2000 және 2002 жылдары туылған 2 кәмілетке толмаған адам үрмелі камерамен жағадан алысқа кетіп қалды. Сол күні желдің жылдамдығы 5-6 м/с болды. Құтқарушылар бірден құтқару жұмыстарына аттанды. 5 мин соң құтқарушылар төтенше жағдай орнында болды. Балаларды жағаға жеткізді. Құтқарылған екі адам медициналық көмекке мұқтаж болмады. Балалармен судағы қауіпсіздік ережелері жайлы әңгімелесу жүргізілді. Кейін балалар үйлеріне қайтты.
Су үстіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелері:
- жүзу білмесеңіз суға беліңізден жоғары тереңдікке бармаңыз;
- балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- мас күйінде суға шомылуға тыйым салынады;
- бейтаныс орындарда суға түспеңіз;
- жағалаудан алысқа ұзамаңыз;
- өзіңізді үнемі бақылауда ұстаңыз;
- түнгі уақытта шомылмаңыз;
- үрленген жүзу құралдарына сенім артпаңыз
- жүзу кезінде тақтайшаларды және жүзуге арналмаған заттарды пайдаланбаңыз.
Жүзу құралдарын қолданғанда:
- құтқару жилетінсіз және щеңберінсіз жүзуге;
- қайықтың ернеуі мен тұмсығына отыруға;
- бір орыннан екіншісіне, сондай-ақ судағы бір қайықтан басқасына орын ауыстыруға;
- қайықтан суға сүңгуге;
- жүзу құралдарын жолаушылар сыйымдылығы мен жүккөтерімділігінен артық жүктеуге тыйым салынады;
- бөгендер мен бөгеттерге жақын жерлерде жүзу және қайықты көпірдің астына тоқтату қауіпті.
 
Қарағанды облысы ТЖД
Жедел-құтқару жасағы