17 us krg 1 2017 жылдың 6 шілдесінен 15 шілдесіне дейін Теміртау қаласының SOS Балалар ауылының жастары Беларусияда өткен жас құтқарушы-өрт сөндірушілердің ХV Халықаралық слетіне қатысты.
 Слеттің басты мақсаттарының бірі – түрлі төтенше жағдайларда құтқару және өзін-өзі құтқару дағдыларын оқыту, қоғамда қауіпсіздік мәдениетінің қалыптастыру. Іс-шара осы саладағы мемлекеттік, қоғамдық және халықаралық құрылымдардың арасында ұзақ мерзімді серіктестік мен ынтымақтастықтың орнатуына бағытталған. Балалар тәжірибелері мен білімдерімен алмасты, ескі достарымен кездесіп, слеттің жаңа қатысушыларымен танысты.
 Слет бағдарламасында көп қызықты конкурстар мен іс-шаралар ұйымдастырылды. Олардың кейбіреулерінде біздің балалар жеңіске жетіп жүлделі орындарғы ие болды. Мысалы, «Визит карточкасы» мен «Суда құтқару» конкурстарында Теміртау қаласының балалары 2 орын алды, «Newspaper - Billboard» конкурсында біздің топты 3 орынға лайықтады, Теміртау қаласы тобының балалары істеген қабырға газеті 2 орын алды. Сонымен қатар, «Жас құтқарушы-өрт сөндірушілердің ХV Халықаралық слетінің миссі» конкурсында Виолетта Мурзина 1 орын алып, Андрей «Жас құтқарушы-өрт сөндірушілердің ХV Халықаралық слетінің мистері» конкурсында 3 орын иегері атанды. Осылайша слеттің қорытындысы бойынша біздің балалар құрметті 3 орын алды.
 Жас құтқарушы-өрт сөндірушілердің ХV Халықаралық слетінде Әзербайжан, Болгария, Грузия, Италия, Қазақстан, Латвия, Молдова, Пәкістан, Польша, Ресей, Сербия, Украина және Беларусь мемлекеттерінің командалары қатысты.
 
Қарағанды облысы ТЖД
Мемлкеттік тіл және ақпарат тобы