28 мамыр күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Жартасты қала - Астана» оқу-жаттығу-машықтану полигонында өткен «Қазқұтқару-2015» халықаралық жиын-семинары өз мәресіне жетті.
10 күн бойы өтіп келген жарыстарға республикамыздың жан-жағынан келген командалар, сондай-ақ Ресей, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің құтқарушылары қатысты. Осы іс-шараның басты мақсаты қазақстандық құтқарушы бөлімшелерінің шет елдердің құтқарушыларымен өзара іс-қимыл жасап, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу дағдыларын жетілдіру болды.
Жиын-семинарда Қазақстан мен қатысушы-елдердің құтқарушылары Қазақстанның таулы-далалы жағдайларында құтқару операцияларын өткізу дағдылары мен әдістерін пысықтады. Құтқару көпсайыстарында командалардың басты шарты «зардап шеккендерді», «қаза болғандарды», «жарақаттанғандарды», «қауіпті жүкті» тауып, алғашқы көмек көрсету, эвакуациялау және жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсыру.
Құтқару көпсайысы бойынша халықаралық жарыс қорытындылары бойынша бірінші орынға Қазақстанның Республикалық жедел-құтқару жасағы ие болды, екінші орынды Беларусь Республикасы және үшінші орынды Қырғыз Республикасы алды.
Келесі орынға РФ Ханты-Мансийский автономды округының командасы ие болды, 5-орынды Тәжікстан Республикасы алды және командалар кестесінің соңында Әзірбайжан Республикасы болды.
Жалпы қазақстандық командалық сынақта Батыс Қазақстан облысының Жедел құтқару жасағы ең үздік болып атанды. Екінші орында Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы (Қостанай қаласы) екінші орынды иеленді, ал 3-орынды Астана қаласынан келген Орталық өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы алды.