Принтерге шығару
Улы газдың түсі, дәмі және иісі жоқ, зиянды әсерін сезу өте қиын.

Улы газдың ағып кету себебі – пешті дұрыс қолданбау салдарынан болатын ақау.

Улы газбен уланып қалмау үшін:
- Пештің дұрыс жұмыс істеуін бақылаңыз.
- Отын толық жанып бітпегенше пештің жапқышын жаппаңыз.
- Жанып тұрған пешті қараусыз қалдырмаңыз.
- Бөлмені желдетіп тұрыңыз.
- Қатты отынмен жанатын пешті тұтатқанда жанғыш сұйықтықтарды қолданбаңыз.
Пешті дұрыс қолдану ережелерін сақтасаңыз өзіңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне кепіл бересіз.