Естеріңізге сала кететін болсақ жыл ішінде өскелең ұрпаққа өрт қауіпсіздігі ережелерін жеткізу мақсатында Дәрмен балалар құтқарушысы кейпіндегі өрт сөндіргіш еліміз бойынша әр облыста қонақта болып қайтты.

Онымен бірге балалар өрт туындаған кездегі іс-қимылдарды зерделеді, алғашқы өрт сөндіру құралын қалай қолдану қажеттігін үйреніп, жалпы алғанда жеке бас қауіпсіздігі мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі мәселелері бойынша оқып-білді.
«Дәрмен» өрт сөндіргіші Шығыс Қазақстанның ірі қалаларында болып қайтты: Өскемен және Семей. Өрт сөндірушілер мектепке дейінгі жастағы балаларға, оқушыларға, сондай-ақ түрлі спорт секцияларына барып қонақ болып қайтты.
Балалар ШҚО ТЖД қызметкерлерін өрт қауіпсіздігі саласындағы өздерінің білімдерімен қуантты. Семей қаласының № 15 балабақша педагогтары негізгі талаптарды зерделеуде шығармашылық танытты, бір сағатты қойылым ұйымдастырып, оның басты кейіпкерлері тәрбиеленушілер болды.
 
ШҚО ТЖД