denspas_uko_1

Қазақстанның Құтқарушылар күніне орай Шымкент қаласындағы «Достық» мөлтек ауданында орналасқан жуырда ғана пайдалануға берілген №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің алаңында құтқару қызметі техникасының салтанатты көрсетілімі өтті.Шараға ТЖД басшы құрамы, облыс әкімі аппаратының бөлім басшысы Ш.Қоңырбаев, қала тұрғындары, мектеп оқушылары және ардагерлер қатысты.
Қатысушылар мекеменің апаттық-құтқару құрал-жабдықтарын, өрт сөндіру техникаларын тамашалады. Онан соң қонақтар назарына өрт-құтқару спорты бойынша облыс құрамасының мүшелері өнерлерін көрсетті. Құтқарушылар күнін мерекелеу бойынша салтанатты шараның екінші бөлігі өрт сөндіру бөлімінің үлкен мәжіліс залында жалғасты. Мерекелік жиынға Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің және құрылымдық бөлімшелерінің ардагерлері мен қызметкерлері, аумақтық және облыстық мемлекеттік орган басшылары қатысты.Департамент бастығының міндетін атқарушы полковник Б.Сопбеков салтанатты жиынды ашып, Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі К.Қасымовтың құттықтау жеделхатын оқып берді. Сондай-ақ, полковник Б.Сопбеков төтенше жағдайларда жедел әрекет ету мемлекеттік жүйесінің құрылуына елеулі үлес қосқан ардагерлерге шексіз алғысын жеткізді.

den_spas_pavl_1

Жыл сайын 19 қазанда құтқарушылар кәсіби мереке – ерлік пен ер жүректілік мерекесін атап өтуде. Бұл өрт сөндірушілер, құтқарушылар, сүңгуірлер, медициналық қызметкерлердің мерекесі, олар талай қауіп ұшында жүріп, зардап шеккен адамдарға кәсіби көмек көрсетеді.
Күннің бірінші жартысында Павлодар облысы ТЖ департаментінде салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шараға Павлодар облысы Ішкі істер департаменті, «Өрт сөндіруші» АҚ өкілдері, «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ШЖҚ ӨМК Павлодар филиалының директоры К.Н. Нұралин шақырылды.
Аумақтық органының басшысы Әлібек Әбдікәрімұлы жеке құрам алдында ҚР Ішкі істер министрі Қ. Қасымовтың құттықтау хатын оқыды және өзінің атынан ТЖД қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, табыс, мансаптық өсу, денсаулық және әл-ауқат тіледі.
Бұдан әрі сценарий бойынша көрермендердің назарына «Қазақстан-Павлодар» ТА арнайы дайындаған «Летопись Независимости» сюжеті ұсынылды. Сюжет біздің құрылымымызда тәуелсіздік жылдары болған өзгерістерді көрсетеді, бұл қазіргі талаптарға сәйкес келетін арнайы техникамен жабдықталуы және әскери киім-кешекпен қамтамасыз етілуі.
Шығыс Қазақстан облысының оқушыларына аса қызықты, қауіпті және жауапты мамандық туралы «Құтқарушы мамандығы - басқалардың игілігі үшін өмір!» интерактивті сабақта жедел-құтқарушы қызмет бөлімшесінің аға инженері Дияс Мұқаев айтып берді.
Сабақ «Құтқарушылар» клипінің көрсетілімінен басталып, балалар Шығыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлері жасайтын жұмысты көрді, себебі клиптегі кадрлар өмір шындығынан жиналды.
Одан кейін Дияс Мұқаев мамандығының жан-жақтылығы туралы айтып, өзінің тәжірибесінен оқиғалармен бөлісті. Құтқарушы-өрт сөндіруші, сүңгуір, парашютист, кинолог, медик болу шеберлігі. Суда, жерде, отта да, боранда да құтқару. «Құтқарушы» бүгін аса қажетті, құрметті және адал мамандықтарынан бірі екендігі бекер емес. Бұл адамдар өзінің ісіне адал, өлім қауіпіне қарсы тұрып, Отанына қызмет етудің нағыз үлгісі болып келеді.