Құтқарушылар қауіп-қатерден, ауа-райының құбылыстарынан қорықпайды және әрқашанда көмекке келуге дайын. Кей уақыттарда өмір үшін қауіпті табиғи апаттар, өрттер, ЖКО, ланкестік сияқты жағдайлар туындайды. Осындай сәттерде көмек көрсете алатын, пайда болған қауіптен қорғайтын және әрі қарай қауіпсіздікті қамтамасыз ететін адам қажет. Сол себепті әлемге құтқарушы маманы өте қажет.
Құтқарушы күнін мерекелеу қарсаңында Қостанай облысы әкімі Архимед Мухамбетовтың өкімі бойынша, Қостанай облысы ТЖ департаменті жасақтың құтқарушыларына құтқару жасағының материалдық базасын күшейту және жеделділігі үшін өтімділігі жоғары барлық жерде-батпақта жүргіш ТРЭКОЛ автокөлігін табыс етті.
Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының тұғырында Құтқарушылар күнін мерекелеуге арналған ісшарада салтанатты түрде азаматтық қорғаныстың мемлекеттік жүйесін дамытуға және жетілдіруге қосқан үлесі, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін және Құтқарушы күнін мерекелеуге байланысты жасақ басшысы Аиб Базарбаев құтқарушыларды құттықтап, оларға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мақтау қағазын, облыс әкімінің құрмет грамоталарын, қала әкімінің грамоталарын табыс етті.
2016 жылғы 17 қазанда Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде атаулы күнге арналған салтанатты жиналыс өткізілді.
Салтанатты жиналысты құттықтау сөзімен Қызмет бастығы азаматтық қорғау полковнигі Жұманов Абдулкапар ашып, өз сөзінде құтқарушылар қызметінің маңыздылығын және қажеттілігін ерекше атап өтті.
Құттықтау сөзінен кейін ерекше көзге түскен қызметкерлерге Қызмет бастығы атынан алғыс хаттар табысталды.
Салтанатты жиынның қадірлі қонақтары ретінде Департаменттің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Дүйсекенов Сейтжан Қисанұлы және АҚ органдарының ардагері Бахытов Жалғасбай шақырылды. Бахытов Жалғасбай қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, құтқарушылар –кез-келген уақытта төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етуге дайын жоғары білікті, кәсіби мамандар екендігін атап өтті.

uko_den_spas_1

Кәсіби мереке – Құтқарушылар күнін мерекелеу аясында Шымкент қ. №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Қаратау ауданының оқушыларына Ашық есік күнін өткізді. Өрт сөндіру бөлімінің мамандары оқушыларға өрт сөндірушілердің жұмысы мен тұрмыс тіршілігімен танысуға көмектесті. Оған қоса бұл өрт сөндіру бөлімі таяуда ғана ашылған – 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс атқаруда.
№4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі шынымен де ең заманауи болып саналады. Оның құралмен жабдықталуында өрт сөндіру бойынша жаңа техника және жабдықтар бар. №4 МӨСБ бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Есен Дайырбеков балаларды заманауи техникамен, өрт сөндірушілердің тыныс-тіршілігімен, өртке қарсы қызметінің тарихымен таныстыруға бет бұрғанын атап өтті.