Батыс Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамы тұрғын үй секторындағы адам қазасының алдын алу мақсатында тұрғындармен алдын алу іс-шаралары жүргізіп жатыр.
Бірінші кезекте - кең көлемде тұрғын үй секторларын аралап шығуда. Әрбір өрт сөндіру бөлімінің шығу ауданында тұрғын аулаларын аралап, тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі қағидалары мен жылыту мерзіміне дайындық бойынша жадынамалары таратылып әңгімелесулер өткізілді. Өрттердің көпшілігі жылдан жылға жеке тұрғын үйлер мен пәтерлерде орын алуда. Көп жағдайда тұрғындар қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайды.
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті және Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының мамандары Қостанайдағы Тобыл өзеңінде республикалық «24 ХАБАР» және «Астана» телеарналар түсірілім тобтарының қатысуымен қысқы балық аулау орындары бойынша кезекті рейд жүргізді. Ауалы тіректі «Пегас» ҚФ кемесі рейд қатысушыларын үлкен көпір ауданының мұз алабына жеткізді.

Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы бөлімшесінің басшысы Қазбек Аубәкіровтың сөзі бойынша: «Қазіргі уақытта өңірдің су айдындарындағы мұз жамылғысы әлі жеткілікті берік емес және адам салмағын арқашан да көтере бермейді. Мұздың қалыңдығы берік, қатты аяздардың болмауында қауіпсіз 3 - 5 сантиметрді құрайды. Бүгінгі күні облыстың су айдындарында бұрынғыдай маусымдық қаупі сақталуда, атап айтқанда жұқа мұз. Сондықтан су аймақтарында сақшылық күшейтілді, алдын алу рейдтері жүргізілуде. Сақшылықтың негізгі мақсаты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қайғылы оқиғалардың және суда адамдардың қаза болуын алдын алу болып келеді».
Ауа-райына қарамастан тәуліктің кез келген уақытында астаналық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар тұрғындардың қауіпсіздігін күзетуде. Астаналық құтқару қызметтері толық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, дене дағдылары мен өздерінің шыдамдылық нәтижелерін, күш, қажыр-қайраттары мен ерліктерін шыңдау мақсатында үнімі өртті-тактикалық оқу-жаттығулар өткізіп отырады.
8 қарашада Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі «Рахат» СО-до оқу-жаттығу өткізді. Тактикалық жаттығу нысанда өрт болған кезде қызмет жасайтын қызметкерлер мен өртке қарсы қызмет бөлімшелердің қарым-қатынастарын шыңдау, өрт сөндіру жетекшілері мен өрт сөндіру жедел штабының іс-әрекеттері және қала қызметтерінің іс-әрекет нұсқауларын шыңдау мақсатында өткізілді.