Жамбыл облысы Өрт сөндіру және авариалық-құтқару жұмыстары қызметінде Құтқарушы күні мерекесі қарсаңында, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің 4-6 сыныпта оқитын балалары арасында «Мен болашақ құтқарушымын» тақырыбында сурет салудан байқау өтті.
Байқауға төрелік еткен әділқазылар алқасы Әскери - жұмылдыру жұмыстары бөлімшесінің бастығы азаматтық қорғау майоры Александр Гончаренко, Кәсіби даярлық мектебінің аға оқытушысы азаматтық қорғау капитаны Аида Мырзабекова, Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының инспекторы Айжан Қыдырбаева балалардың салған суреттеріне оң баға беріп, барлығы тақырыпқа сай, мазмұнды екендігін айтты.
Байқауға қатысқан суреттерді іріктей келе жүлделі орындарды келесі балалар өзара бөлісті: Жамбыл ауданы Аса ауылының № 6 өрт сөндіру бөлімінің атынан Мизамбай Камилла Бауыржанқызы - І орын; Тараз қалалық №15 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің атынын Бахтияр Нұрлыжан Бағланұлы – ІІ орын; Меркі ауданы Меркі ауылының №11 өрт сөндіру бөлімінің атынан Жақып Диас Қайратұлы – ІІІ орынды иеленді.
kyzyl_forum_1 Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай «Үлгілі отбасы – мемлекет негізі» атты облыстық әкелер форумы болып өтті.
Форумға қатысушылар әкелер ролі, отбасының нығаюы, балалар тәрбиесі туралы ой қозғады. Көп балалы әкелер үлкен отбасылық өмірлеріндегі тәжірибесімен бөлісті.
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан  Рүстемов  үлгілі әкелер тобына облыс әкімінің алғыс хаты мен естелік сыйлықтар табыс етті.
Форумның төрт қатысушысы – «Мереке»  вокалді-эстрадалық   ансамбльдің жетекшісі Сәбит Ұлықпан, Т.Шевченко атындағы №13 орта мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы Самат Ешниязов, Жалағаш аудандық мәслихаттың бас маманы Рүстем Досмағамбетов  және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Марат Қобландиев Астана қаласында өтетін республикалық әкелер форумына қатысуға жолдама алды.
Құтқарушы күні және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Өрт сөндіруші» АҚ Шығыс Қазақстан облысындағы филиалының № 8 өрт сөндіру авариялық – құтқару бөлімінде Өскемен қаласы және Глубокое ауданы Опытное поле ауылдық орта мектебінің оқушылары үшін есігін айқара ашты.
Әрбір оқу жылының басында әр түрлі төтенше жағдайларда өздерін ұстау ережесіне оқушылардың назарын аударту мақсатында саяхат дәстүрлі жүргізіліп тұрады.
Балаларды бөлім бастығы Сергей Рябков, орынбасары Сергей Вдовенко, қарауыл бастығы Александр Саломатов, бөлімше басшысы Андреу Логашов, өрт сөндірушілер Ерзат Дюзбаев, Владимир Косарев және тағы басқалары қуанышпен қарсы алды.
Бөлімше басшысы Андрей Логашов балаларды бөлімнің барлық қызметтік және тұрмыстық бөлмелеріне апарып, ауысымға түсетін өрт сөндірушілердің күнделікті күшейтілген жаттығулардан өтетін заманауи жабдықтарды көрсетті.