den_spas_pavl_1

Жыл сайын 19 қазанда құтқарушылар кәсіби мереке – ерлік пен ер жүректілік мерекесін атап өтуде. Бұл өрт сөндірушілер, құтқарушылар, сүңгуірлер, медициналық қызметкерлердің мерекесі, олар талай қауіп ұшында жүріп, зардап шеккен адамдарға кәсіби көмек көрсетеді.
Күннің бірінші жартысында Павлодар облысы ТЖ департаментінде салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шараға Павлодар облысы Ішкі істер департаменті, «Өрт сөндіруші» АҚ өкілдері, «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ШЖҚ ӨМК Павлодар филиалының директоры К.Н. Нұралин шақырылды.
Аумақтық органының басшысы Әлібек Әбдікәрімұлы жеке құрам алдында ҚР Ішкі істер министрі Қ. Қасымовтың құттықтау хатын оқыды және өзінің атынан ТЖД қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, табыс, мансаптық өсу, денсаулық және әл-ауқат тіледі.
Бұдан әрі сценарий бойынша көрермендердің назарына «Қазақстан-Павлодар» ТА арнайы дайындаған «Летопись Независимости» сюжеті ұсынылды. Сюжет біздің құрылымымызда тәуелсіздік жылдары болған өзгерістерді көрсетеді, бұл қазіргі талаптарға сәйкес келетін арнайы техникамен жабдықталуы және әскери киім-кешекпен қамтамасыз етілуі.
Шығыс Қазақстан облысының оқушыларына аса қызықты, қауіпті және жауапты мамандық туралы «Құтқарушы мамандығы - басқалардың игілігі үшін өмір!» интерактивті сабақта жедел-құтқарушы қызмет бөлімшесінің аға инженері Дияс Мұқаев айтып берді.
Сабақ «Құтқарушылар» клипінің көрсетілімінен басталып, балалар Шығыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлері жасайтын жұмысты көрді, себебі клиптегі кадрлар өмір шындығынан жиналды.
Одан кейін Дияс Мұқаев мамандығының жан-жақтылығы туралы айтып, өзінің тәжірибесінен оқиғалармен бөлісті. Құтқарушы-өрт сөндіруші, сүңгуір, парашютист, кинолог, медик болу шеберлігі. Суда, жерде, отта да, боранда да құтқару. «Құтқарушы» бүгін аса қажетті, құрметті және адал мамандықтарынан бірі екендігі бекер емес. Бұл адамдар өзінің ісіне адал, өлім қауіпіне қарсы тұрып, Отанына қызмет етудің нағыз үлгісі болып келеді.
Құтқарушылар күнінде Ақтауда Маңғыстау облысы ТЖ департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Ақтау қаласы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі аумағында жас қызметкерлер Отанға, Қазақстан Республикасына және халқына деген адалдық Антын қабылдау рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасының Әнұраны жауынгерлерді антқа жетеледі. Салтанатты шарада әскери борышына адалдық антын барлығы 44 жас буын – болашақ құтқарушылар қабылдады.
Шараға Маңғыстау облысы ТЖ департаменті басшылығы мен Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар органдары ардагерлер кеңесінің өкілі Муханов Сейтмолда қатысты.