ys alm Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы және Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметімен бірлесіп, жыл сайын балалармен келесі тақырыптар бойынша ашық сабақтар өткізеді: «Балаларды төтенше жағдайлар мен өрт кезіндегі іс-қимыл мен амалдарға үйрету», «Алғашқы медициналық көмек көрсету», «Су және мұз бетіндегі іс-әрекет тәртібі». Астаналық Оқушылар сарайының базасында 2014 - оқу жылының басынан «Жас құтқарушы» үйірмесі жұмыс істеп келеді. Осы үйірменің қызмет етіп келе жатқан уақытынан бері «Алматы» ауданы ТЖБ қызметкерлері Астана қаласы ТЖ ведомстволық бағынысты қызметтерімен бірге 170 баланы ТЖ кезінде әрекет ету және көмек көрсету іс-қимыл тәртібіне оқытты.

obushenie alm obl 1 Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп бекітілген.

gl den otkrytyh dvereei Атырау қаласы №1 өрт сөндіру бөлімінде 11 сынып оқушыларының түлектеріне арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. Аталмыш шараға қалалық 5 мектептің түлектері шақырылды. Кездесуге 87 оқушы қатысты.