Тәжірибе көрсеткендей, қысқы су айдындары жазғыдан кем емес қауіпті. Коньки және шанамен сырғанау, балық ұстау, жол қысқарту қалауы өте қатаң салдарға әкеп соқтыру мүмкін.
Осы себептер бойынша тек өткен 2015 жылдың 1 қарашасынан 15 қазан аралығында Қазақстан Республикасы су айдындарында 30 адам опат болған, негізінде балықшылар. Шығыс Қазақстан облысының су айдындарында 2015 жылдың қыс кезеңінде 7 адам опат болды. Батып кеткен балада бар. 2015 жылдың наурыз айнда Семей қаласында әкесімен Ертіс өзенінің жағалауында серуендеп жүргенде қараусыз қалып, алты жасар қыз батып кеткен. Ағымды, 2016 жылдың өткен кезеңінде мұз астына кетіп опат болғандар әзірше жоқ. Үміттенгіміз келеді және болмайды.
17 қарашада таңертеңгі сағат 6 шамасында Загородный кентінде жеке үйде өрт шықты. Көрші тұратын Асланбек Висаитов түтінді көріп, еш ойланбастан көмекке ұмтылды. Жанып жатқан үйде ештеңені сезбестен үй иесі ұйықтап жатқан болатын. Асланбек есік-терезелерді қағып оятуға тырысты. Біраздан соң әйел оянып, есікті ашты, алайда ештеңені ұға алмады. Көршісі әйелге заттары мен құжттарын жинауға көмектесіп, оны далаға алып шыққан. Сосын өрт сөндірушілерді шақырып, өздігінен шатырдағы өртті сөндіруге әрекеттенді.
№6 өрт сөндіру бөлімінің отпен күресушілері келе салысымен өртті жедел ауыздықтады. Асланбек Висаитов күзетші болып жұмыс істейді, өзін батырмын деп санамайды, ол өзінің орнында әркім осылай жасар еді дейді. Өрт ауданы 75 шаршы метр болды. Өрт себебі бойынша пешті пайдалану және монтаждау кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау болжамы қарастырылуда.
Төтенше жағдайлардың және өрттің алдын алу, Атырау қаласы гарнизонының өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығын арттыру мақсатында 2016 жылғы 18 қарашада Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ кезекшілік өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшінің орынбасары өртке қарсы қызмет капитаны Тоқтарбаева Ерланның жетекшілігімен тоқ желісінің қысқаша тоғысуынан орын алған «Каспиймұнайгаз» ғылыми-зерттеу және жобалық институты» ААҚ ғимаратындағы шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Шартты жану бірінші қабаттағы құжатты бақылау бөлімінде орын алды.