vko_est_1 Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшесінің базасында «Эставелла» АЖК жас құтқарушылар сыныбының балалары кәсіби құтқарушылардың қыр-сырын меңгеруді жалғастыруда. Олардың көпшілігі бұл сыныпқа жаңадан келді, ал кейбіреулері қысылтаяң жағдайдағы мінез-құлық қағидаларын бірнеше жыл оқиды.
ШҚО ТЖД кәсіби құтқарушысы Александр Чернов авариялық-құтқару ісі жөніндегі сабақта зардап шегушіні тасымалдау ережесін оқушыларға айтып берді және көрсетті.
Бір теориямен көмек көрсетудің машықтарын меңгере алмайды, сондықтан балаларға көмек көрсетуді практикада жасау ұсынылды. 
Қызылорда қаласында «Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғау органдары ардагерлер кеңесі» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Тұңғышбай Ботабаевтың басшылығымен Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері ұзақ жыл төтенше жағдай саласында жұмыс істеген ардагерлердің үйіне барып құттықтады.
Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері ардагер Жылқыбаев Төлегенді, Лазурченко Бористі, Родич Галинаны, Мұсаева Әминаны, Үсенов Торыбайды, Домалатов Мұратты, Қараманова Алмагүлді құттықтады. Ардагерлерді «Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғау органдары ардагерлер кеңесі» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Тұңғышбай Ботабаевтың және Қызылорда облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері майор Қуандықов Әлімжан, комендант Боранова Гүлжаһан құттықтап, оларға денсаулық, қуаныш, береке және өмірдегі барлық жақсылықты тіледі.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінде «Менің Отаным» Аймақтық патриоттық ән байқаудың 1-кезеңі өткізілді. Байқауға ТЖ департаменті құрылымдық бөліністерінің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері қатысты.
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын нығайту және дамыту, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің мәдени және рухани деңгейін арттыру, патриоттық тәрбилеу – байқаудың басты мақсаты болды.
Байқауға қатысу үшін 7 сұраныс берілген еді. Жеңіске үміткер төрт қатысушы Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері, 3 конкурсант құтқару жасақ қызметкерлерінің балалары.
Қорытынды жасау кезінде қазылар алқасының төрағасы, ТЖ департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Нұрболат Дербисов бұл байқау қызметкерлердің де, олардың отбасы мүшелерінің де шығармашылық потенциалын және жан-жақты таланттарын ашуға тамаша мүмкіндік береді деп атап өтті.