AQMola Pavodki 1 Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Бурабай ауданының әкімі Т.Ж.Ташмағамбетовтың төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша Бурабай аудандық комиссиясының отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде көтерілген тақырыптар: «2017 жылғы көктемгі кезеңге Бурабай ауданы аумағында дайындық және су тасқынының апатсыз өту шаралары», «2017 жылғы су тасқыны кезеңіне АҚМЖ күштері мен құралдары, басқару органдары әзірлігінің жай-күйі туралы».

UroK Kostanai 1 2017 жылғы 22 ақпанында Қостанай облысының оқу орындарының оқушыларымен «Балалардың өрт кезіндегі әрекеті» тақырыбында интерактивті сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты: өрттің нәтижесінде жарақат алуға, улануға немесе адам өліміне, сонымен қатар материалдық шығынға алып келетін жағдайлардан оқушылардың өзін-өзі құтқаруына тәрбиелеу.

Lavina 1 Қар көшкінінің өздігінен түсуіне жол бермеу және «Шымбұлақ» тау-шаңғысы кешенінде демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және «Казгидромет» РМК-ның ұсынымы негізінде, кеше 21 ақпанда «Қазселденқорғау» ММ-сі Алматы қалалық пайдалану басқармасының мамандары «Нартас» ЖШС мамандандырылған ұйыммен бірлесіп Талғар асуының оңтүстік-шығыс баурайындағы «Школьник» шыңы №26 көшкін жинағышында профилактикалық қар көшкінін түсіруді жүргізді.