Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан РеспубликасыныңТұңғыш Президентінің күніне арнап, қоғам бірлестігінің өкілін шақыруымен дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған отырысқа Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімдердің бастықтарымен ведомстволық бағынысты мекемелердің басшылары қатысты.
Кіріспе сөзбен Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздік саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет Басқармасының бастығы Кетебаев Есен Маратұлы дөңгелек үстелдің отырысын ашты. Өз сөзінде барлық қатысушыларды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күнімен құттықтады. Өз сөзінде мемлекеттің негізгі жеткен жетістіктерімен және өркендеу жолдарын атап, Қазақстан Республикасының Президентінің Н.Ә. Назарбаевтың экономиканы нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыру баға жетпес үлесін назарға салып жеткізді.
Қоғам бірлестігінің өкілі шақырылғандарға сол қиын жылдары қалыптастыруға және Конституция ретінде еліміздің негізгі заңының атай отырып, бұл ретте Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың басым рөлі туралы және бұл тұлғалық сипаттағы мейрам емес, халықтың біріктірудің мерекесі туралы айтылды.
Бұдан әрі барлық қатысушыларға жас Тәуелсіз Қазақстан туралы тарихын және слайдтар мен деректі фильм көрсетілді.
Шығыс Қазақстанда қысқа қаншалықты дайын екендігі және қандай жұмыстардың атқарылғандығы туралы ақпаратпен Шығыс Қазақстан облысы ТЖД, білім беру басқармасының және жол қызметтерінің мамандары брифингте журналистермен бөлісті.
2016 жылғы қарашадан бастап ШҚО аумағында 92 мм қар түскен, айлық нормасы 50 мм, бұл шамасынан 1,84 асып кеткен. Ауа-райының нашарлауына байланысты облыстық жолдары 13 рет жабылды, дизельді отынды жағатын көліктердің қозғалысына оқтын-оқтын шектеулер енгізілді. Қазіргі таңда құтқарушылар 40 рет құтқаруға шықты, нәтижесінде шамамен 200-дей адам шығарылды, 13 құтқарылды. «Жергілікті көлемдегі табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ жою іс-қимылдары жоспарына сәйкес күштер мен құралдар, жеке құрамнан 2500-дей адам, 397 бірлік техника, соның ішінде оның 159-ы өтімділігі жоғары техника дайындыққа келтірілді, олар қар борасындарына ең шалдыққыш аудандарда шоғырланған», - деп түсіндірді ШҚО ТЖД ТЖЖБ бастығы Азамат Қапышев.
Сөлтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының медициналық – психологиялық бөлімшесі Шрақбек Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай Академиясының оқу сыныбында күндізгі оқу бөлімінің 2, 3 курс қыз-курсанттарына алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқыту сабақтарын өткізді.
Курсанттармен 8 сағат санында «Өмір мен қайтыс болу себептерін анықтау, өмірге қауіпті жағдайлар, олардың шығуы кезіндегі әрекет ету алгоритмі» тақырыбында теориялық курс жүргізілді, сонымен қатар «Оқпен, жаншып-кесіліп, жарықшалардан жарақаттану, газбен уланц, күйіп қалу кездеріндегі алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбы бойынша жаттығу-маникенінде 16 сағат санында қан құйылу, соғып алу, қол-аяқтың шығып кетуі, ашық және жабық сынуы, ақтық жағдай кезінде жүрек-өкпе жансақтауын жүргізу техникасы, ауруханалық емес босану және өмір сүруге қауіп төндіретін басқа жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізгі дағдыларын көрсетумен тәжірибелік сабақтар өткізілді.