krug kost 1 Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанда Қостанай қ. ТЖБ қызметкерлері қалалық Білім бөлімдерінің мамандары мен мектептер мен балабақшалардың жауапты тұлғаларының қатысуымен дөңгелек үстел жүргізді. Жиналғандарға жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезінде өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде айтты.
Белгілі болғандай білім процессінің ең бастысы ол алдын алу жұмыстары болып табылады. Өрт қауіпсіздік саласында алдын алу іс-шаралары аса маңызды, әсіресе адамдардың жаппай жиналатын іс-шараларын ұйымдастыру кезінде қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау қандай қайғылы салдарға әкеліп соқтыруын өздеріңізге мәлім. ӨҚСБжПҚБ бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі М. Бекпаевтің айтуы бойынша жыл басынан облыста өрттер салдарынан 29 адам қайтыс болды. Тек өткен мерекелік күндері өңірде 24 өрт болды, онда 3 адам қайтыс болды.

naz ast 2016 жылғы желтоқсанның 21 күні Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Робертович Беккер Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының жаңа орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Марғұлан Аманбаевты таныстырды.
«Сізді жаңа лауазымға тағайындалуынызбен құттықтаймын. Бүгінгі күні елордада ауқымды іс-шаралар жүргізілуде, және ЭКСПО – 2017 қарсаңында алдарынызда маңызды міндеттер тұр. Сізге алға қойған міндеттерді орындау үшін кәсіби шеберлігіңіздің жоғары деңгейін көрсетуініз қажет. Жауапты жаңа орында адал қызмет етіп, өзіңізге артылған үмітті ақтайтыныңызға сенеміз», - деп құттықтау сөзінде тілегін білдірді Владимир Робертович.
led sko 1 2016 жылдың 15 желтоқсаны күні Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағына Новопавловка ауылының маңында Есіл өзенінде қауіпті мұз аумағы бары жайлы ақпарат түсті. Бұл жерде мұз жұқа және адамдар кез келген уақытта мұз астына түсіп кетуі мүмкін.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жедел түрде шығып, қауіпті жерді ескертпе лентамен қоршады.
Аязды күндер басталысымен облыс су айдындары өте қауіпті аймаққа айналады. Себебі мұз үстінде жұқа аймақтар бар. Жұқа мұз аймақтарына шығу, оның үстіне балалар ойындарын ұйымдастыру - өзін-өзі өлтірумен тең!
Мұз үстінде қырағылықты жоғалтпай, міндетті түрде қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Бір адамның дене салмағын мұздың қалыңдығы 7 см. болған кезде шыдай алады, ал бірнеше адамды көтеру үшін мұздың қалыңдығы 15 см. болуы қажет. Дәстүр бойынша жағаға жақын жердегі мұз, әсіресе ол қамысты, не балдырлы сондай-ақ, бұлақтың құйылысы бар немесе су ағып жатқан жерлерде жұқа болады. Мұндай жерлерден қауіптену керектігі,сөзсіз