DetSad Atyrau 1 Бүкіл дүниежүзі 1 наурызда халықаралық Азаматтық қорғаныс күнін атап өтеді. Мереке аясында жыл сайын тұрғындарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі тіршілік ету қауіпсіздігінің негіздеріне үйрету бойынша іс-шаралар өткізіледі.

AKTobe Pavodki 1 Ақтөбе облысының ТЖД Қарғалы ауданының Төтенше жағдай бөлімі мен №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Қос-естек және Ащылысай ауылдарының суға кету қаупі төніп тұрған тұрғын үйлеріне рейд шараларын өткізді.
Ауыл тұрғындарына су тасқынына жол бермеу бойынша іс-шаралар түсіндірілді. Ең алдымен қар шығарып, арықтарды, су жүретін каналдарды, көпірлерді қоқыстан тазарту. Сонымен қатар құм және де басқа қажетті инерттік материал дайындау.

Pavodki SKO 1 Азаматтық қорғау қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен және жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, 2017 жылғы көктемгі су тасқынның алдын алу және шығынын кеміту шеңберінде, су басу қаупіне бейім Тайынша ауданының Келлеровка және Макашевка ауылдарында жеке тұрғын үй секторын аралап шықты.