mang «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің нөмірі Маңғыстау облысында 2009 жылдан бастап қызмет жасауда. Жыл сайын қоңырау шалуының саны көбейіп келеді.
Бір жыл ішінде Маңғыстау облысы ТЖД «112» қызметіне 100 000 астам қоңырау келіп түседі, соның ішінде 90% қоңырау «112» қызметіне өзге (қатысы жоқ) болып келеді, соның ішінде жалған. 2016 жылы 100 мыңнан астам қатысы жоқ ақпарат келіп түсті, олар яғни ұялы телефондарды тексеру, балалардың ойнауы, анықтамалық ақпаратты сұрау және жалған сипатындағы хабарламалар да жоқ емес.

b 2016 жылғы 5 қаңтарында СҚО ТЖ департаментінің баспасөз орталығында жаңа жылдық мерекелер кезеңіндегі өрт жағдайын жариялаумен брифинг өткізілді.
Брифингте сөз еткен ТЖ департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Атығаев осындай маңызды кезеңдегі өрттер статистикасын көрсетіп, олардың болу себептері мен нәтижелерін айқындап айтты.
zan kyz 1 Жаңа жылдық мерекеде Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері Аяз Ата және Ақшақармен бірге өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы балаларға айтып берді.
Ең қуанышты және сиқырлы мереке -Жаңа жыл- әрқашан балалардың жадында қалады. Көңілді мерекелік барысында №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері қысқы кезеңде өртке қарсы қауіпсіздік мәселелері туралы брейн-ринг өткізіп, қауіпсіздік туралы ұмытуға болмайтынын балаларға және олардың ата-аналарына ескертті.