
Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы азаматтық қорғаныс бөлімшесінің бас маманы Динара Жайырованың қатысуымен Өскемен қаласы әкімдігінің «Оқыту - өндірістік комбинаты» КММ базасында қаланың 20 мектебі арасында онлайн режимінде интерактивтік сабақ өткізілді. Сабақтың тақырыбы аязы кейде бірнеше апталап болатын, өңірдегі аса өзекті - «Қыс кезеңіндегі қауіпсіздік қағидалары».
