Ақтөбеде «Қыс-2016» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының екінші кезеңі шеңберінде 18 қарашада сағат күндізгі 11-де Богословка трассасы бойындағы автомобиль базары ауданында Ақтөбе облыстық және қалалық шұғыл әрекет ету жасақтары сапқа тұрғызылды.
Оқу-жаттығу кезінде азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығы, төтенше жағдай орын алған жағдайларда жасақ автономды режимде жұмыс істеуі тиіс болғандықтан жасақтардың техникамен және азық-түлікпен қамтамасыз етілуі тексерілді.
Тексеру барысында шұғыл ден қою жасақтарының авариялар мен апаттар салдарын жоюға, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және төтенше жағдайлар аймағынан көшіруге дайындықтары анықталды.
2016 жылғы 17 қараша Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Кәсіби даярлық мектебінің базасында «Дені сау ұлт – мықты Қазақстан» бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, қызметкеқабылатынжүргізушілерАқмола облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманымен кездесу өткізіп. Валеолог Алхаирова Айгүл Ескендірқызы «Алкоголь ішудің денсаулыққа тигізер зияны», «Вирустік аурулардың алдын алу» тақырыбына дәріс оқыды.
Мектептің оқу сыныбында дәріс оқылып, тыңдаушыларға осы тақырыпқа оқу видеосы мен слайдтар көрсетті. Осы дәрісті өткізу бастамасы тыңдаушылармен КДМ оқу-тәрбиелік жұмыстары жоспарында жоспарланған болатын, сол себепті қызметкерлерде салауатты өмір салтын ұстануға деген талпыныс тудыруды көздедік. Осы тәрізді кездесулерді КДМ-не оқуға келетін әр оқу тобымен өткізу жоспарланған.
17.11.2016 ж. Қостанайда «Қыс - 2016» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын жүргізу шеңберінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.
Қостанай облысының ТЖД бастығының уақытша міндетін атқарушы полковник В. Шиллер төрағалық етті. Қатысқандар: төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның мүшелері.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
1.Ортақ қолданыстағы автокөлік жолдарын пайдалану және қалыпта ұстау, инженерлік техниканың, жол ұйымдарының 2016-2017 жылдардың қыс мезгіліне дайындығы.
2. Оқиға орнында және медицина мекемесінде бірінші дәрігерлік көмек көрсету, апат ауданына азық-түлік, алғашқы қажеттілік заттарын, жанар-жағар май, материалдық құралдар мен қорларды жеткізу және тарату.