pavl mon 1 «Шананы жазда дайында» осы дана сөз төтенше жағдайлар қызметтерінің негізгі қағидасы.
Көктемгі су тасу мерзіміне дайындық қыстан, табиғи құбылыстан көп айлар бұрын алдын-ала басталады. Қарлы аудандарды кезекті «барлауға»
Павлодар орблысы ТЖ департаменті бастығының орынбасары полковник А.А. Темірбаевтың басшылығымен Жедел-құқтқару жасағының қызметкерлері шықты.
gaz vko 1 Қысқы кезеңде отпен күресушілер негізінен жекеменшік тұрғын секторында болатын өрттермен күреседі. Өрттердің себептері сол баяғы - электрқұрылғыларын қолданған кезде, пешпен жылытуды құрған және қолданған кезде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау. Газ баллондарын қолдануға байланысты жылыту кезеңінде бірнеше жазатайым оқиғалар болады. Өкінішке орай, адамдардың қауіпсіздік шараларын сақтаудағы бейқамдығы тек өрттерге әкеп соқтырмай, адам өлімі, сонымен қатар тұншықтырғыш газбен улану жағдайларын болдыртады. Өрттермен бірлесе күресу аясында, газ баллондарымен қамтамасыз ету саласында халыққа қызмет көрсетумен айналысатын «ШҚ Газ» ЖШС басшылығы, Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының мамандарына көмек көрсетуге шешім қабылдап, облыс орталығының халқы арасындағы профилактикалық жұмысқа белсене қатысты.

pavl kti 1 2017 жылғы 6 қаңтарда Павлодар облысының жалпы білім беру мектептері түлектерінен құралған үміткерлер тобы альма-матер, Қазақстандағы жалғыз азаматтық қорғау офицерлерін даярлайтын арнайы жоғары оқу орны – Көкшетау техникалық институтына келді. Жас өспірімдерге оның қабырғасында болу курортта демалумен тең болады деп ешкім сөз берген жоқ. Тіпті олай емес. Үміткерлер тобы түнде жеткендіктен балалар таң атқанша бірнеше сағатқа курсанттарға арналған арнайы жатақханаға орналасты. Мұнда бәрі әскердегідей: казарма, тумбочкалар, кезекші. Тіпті тұрғызу сағат таңғы 7-де болды. Әрі қарай да бәрі тәртіп бойынша – сапқа тұру, жаттығу, таңертеңгі ас. Ортақ асхана, үлкен үстелдер, артық ештеңе жоқ – бәрі каллориялы, нәрлі, пайдалы және шамаға сай. Кітапхананы аралағаннан кейін, кафедрамен танысу, профессорлық-оқытушы құраммен кездесу, алаңда техниканы көрсету болды. Сұрақ – жауап. Өте көп сұрақтар қарапайымнан күрделіге дейін.