«Улы газдан сақтаныз» акциясы шегінде Орал қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен бірлесіп отбасылық жағдайы төмен тұрғындардың орындарына тексеріс рейд өткізді. Отбасылық жағдайы төмен отбасылар ерекше бақылауда және бұндай санаттағы отбасылар ерекша назарға алынады. Көбінесе спирттік ішімдікке салынған ата-аналар, оладың балалары қараусыз қалдырылады. Бейәлеуметтік отбасылардың үлкендері өз балаларына ғана емес, заңды сыйлайтын көршілеріне де қауіп төндірудің көзі болып табылады.
Рейд барысында бес отбасын ғана үйінен табу мүмкін болды, алайда келіп-кету туралы оларға күні бұрын ескертілмеген болатын.
Бизнестегі қысымды азайту үшін азаматтық қорғау және бизнес субъектілерінің арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында, адамдар көп жиналатын объектілерде өрттердің алдын алу бойынша 2016 жыл 17 қарашада Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері және Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы бірлесіп Қарағанды қаласы сауда үйлері мен ойын-сауық кешенінің иелеріменен «дөңгелек үстел» өткізілді.
«Дөңгелек үстелге» 27 ірі сауда орындары мен ойын сауық кешенінің иелері қатысты.

Сондай-ақ, дөңгелек үстелге Қарағанды облысы ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы техникалық реттеу бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Сурков К.М. қатысты. Ол қатысушыларға құрылыс материалдарын пайдалану өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шортанды ауданының №18 өрт сөндіру бөлімінде Шортанды орта мектеп оқушыларына «Ашық есік күні» өткізілді.
Оқушылар жеке құрамның күн тәртібімен, қызметтік шарттарымен және өрт сөндіру техникаларымен, бөлім аумағында және бөлмелерінде экскурсия жүргізілді.
Осы шараның өткізудегі ең негізгі мақсаты келешек ұрпаққа азаматтық қорғау органдарының имиджін көтеру, кезекші қарауылының жеке құрамының жауынгерлік қызметімен және гарнизонның құрал-жабдықтарымен таныстыру, жас ұрпаққа өз еліне деген патриотизмге тәрбиелеу. Балаларға осы қүн ерекше әсер қалдырды, өйткені оларды ғимараттың барлық бөлмелеріне экскурсия өткізілді, қызметтік және тұрмыстық бөлмелермен таныстырылды, бөлімнің автогаражында өртке қарсы қызметіне арналған техникалар көрсетілді. Балаларға Шортанды ауданы №18-ӨСБ жасағының құрылуы туралы және өрт сөндіруші ардагерлерінің тарихи фотосуреттері көрсетілді.
Оқушылар өздері тыныс алу аппараттарына қосылды. Оларға кезекші ауысым жеке құрамымен дабыл бойынша жиналу және шығу № 4 нормативтің орындалуы үлкен әсер қалдырды.