«Қыс-2016» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуды өткізу шеңберінде Көктөбе ауылында 2016-2017 жылдың қыс кезеңінде төтенше жағдайларды жоюды жүргізу үшін инженерлік техника байқауы өтті.
Ауданның жедел ден қою жасағы және арнайы техника жолды пайдалануды басқару аумағында сапқа тұрғызылды.
Аудан әкімі А.А.Қаңтарбаев – ТЖ бойынша Комиссия төрағасы авариялық-құтқару қызметтерінің барлығына қыс кезеңіндегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайын болуды тапсырды. Аудан аумағы түрлі табиғи сипаттағы төтенше жағдайға шалдыққыш екенін еске салды. Қарлы бұрқасын, боран, көктайғақ, қатты желдер осылар табиғи сүргіндердің толық емес тізімі, оларға жедел қарсы тұру керек. Аудан әкімі жасандыру құрылымдарына назар аударды, 30-40 градус аяздарда киімдер сенімді болуы керек екенін ескертті.
2016 жылы 17 қарашада «Қыс-2016» республикалық командалық – штабтық оқу–жаттығу аясында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С. Сүлейменов өңірлік жедел әрекет ету жасағының дайындығын тексерді.
Іс-шараның мақсаты басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтері күштері мен құралдарының, тіршілікпен қамтамасыз ету нысандарының қысқы жағдайдағы іс-қимылға тұрғындарды құлақтандыру жүйесінің дайындықтарын тексеру болып табылады.
Облыс әкімінің орынбасары С.Сүйлейменов қарауға қатысқан техника мен жабдықтарды аралап көріп, құрылымдардың басшыларымен қысқы кезеңде осы бөлімшелердің алдында тұрған міндеттері жайында әңгімелесті.
Жедел әрекет ету жасағы қысқы кезеңде ірі көлемдегі төтенше жағдайларды жоюға арналған. Оның құрамына жалпы саны 264 адам мен 69 техниканы құрайтын 20 құрылым жұмылдырылды.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында брифинг өткізілді. Брифингте қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Б.Абдуғаппаров бас спикер болды.
Қазіргі таңда төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің күнделікті қызметінде тұрғын үй секторларында улы газбен уланудың алдын алу бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Кентау қаласында жоғары, орта және төмен тәуекел дәрежесіне 363 нысан бар. Бөлім қызметкерлерімен төтенше жағдайлардың және өрттің алдын алу мақсатында аудандық және облыстық телеарналар арқылы 25 рет сұхбат беріліп, «Кентау шұғыласы» және «Қаратау тәжі» газеттерінде 61 мақала жарияланды. 57 жиын өткізіп, 2027 адам қамтыды. 916 үй аулаларын аралап, 1370 адам қамтыды. Ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, тұрмысы төмен отбасылардың үйлеріне 6 рет рейд шараларын жүргізді. Әлеуметтік роликтер 17 рет көрсетіліп, 1105 адамды қамтыған. 110 оқушының қатысуымен өрт сөндіру бөлімдерінде 5 экскурсия жұмыстары ұйымдастырылған.
Брифинг барысында Б.Абдуғаппаров: «Күн салқындаған сайын жылыту пештері бар пәтерлер мен тұрғын үй иелері пешті құрғанда немесе пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауға баса назар аударғандары жөн»,-деп, өрттердің және улы газбен уланудың алдын алу жолдарын түсіндірді. Телеарна және басылым арқылы қала тұрғындарын айтылған ақпараттарға жауапкершілікпен қарап, төтенше жағдайларға жол бермеуге шақырды.