zan pavlodar 1 Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің кинологиялық қызметтерінің орталығы және Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының кинологиялық қызметтерінің бірлескен оқуларын өткізу жоспарына сәйкес Павлодар облысы Ішкі істер департаменті кинологиялық қызметі орталығының аумағында кинологиялық есеп топтарының арасында тәжірибемен алмасу бойынша үйрету-жаттықтыру оқулары өткізілді.
Оқу барысында қызметтік иттер тыңдау және әр түрлі кедергілерді өтумен ептілігінің, сондай-ақ үйретудің жалпы курсы бойынша дағдыларын пысықтады. Үйрету үрдісінде Орталық мамандары тәжірибе жүзінде жас итті ізге салуды көрсетті. Үйрету-жаттықтыру оқуы кинологтар, сондай-ақ қызметтік иттер үшін де өте пайдалы өтті.

reid pavl 1 Барлықтарының сүйікті мерекесі Жаңа жыл жақындап келеді, өкінішке орай, қала тұрғындарының көбі бұл мерекені отшашусыз, шартылдағыштарсыз және петардтарсыз елестете алмайды, және бұл сауық-сайранның түрі қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін ойламайды да.
Сұранысқа қарай ұсыныстар да көбейеді – қала көшелерінің адамдар көп жиналатын орындарында кәсіпкерлер әсерлі пиротехникалық бұйымдардмен сауда нүктесін ұйымдастырған. Әсем қораптар сатушыларды өте тартады.

prov vko 1 Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Серік Ақтанов Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментіне келіп, құтқарушылардың арнайы техникасы және жабдықтарымен, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге дайындығымен танысты.
Техника ШҚО ТЖД алаңына қойылды. ШҚО ТЖД басшысы Нұрлан Мадьяров қойылған техника мен жабдықтың әрқайсысына сипаттама берді.
«Қолда бар техниканың барлығы жұмысқа дайын, және кез-келген уақытта пайдалануға дайын», - деді Нұрлан Мадьяров.