Den GO Aqmola 1 Азаматтық қорғаныстың маңыздылығына қоғамдастық назарын аудару үшін, Азаматтық қорғаныс айлығы Ақмола облысының аумағында 20 ақпаннан 20 наурызға дейінгі аралықта жүргізіледі, оның аясында түрлі іс-шаралар өткізіледі.

Den GO Aktobe 1 Жыл сайын 1 наурызда Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі. Осы атаулы күнге орай Алға ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Алға қаласында орналасқан «Дружба», «Евразия», «Назран» сауда үйлерінің келушілерімен, сонымен қатар Алға қаласы мен Бестамақ ауылы орта мектептері оқушыларымен ашық сабақтар өткізді. Ашық сабақтың тақырыбын ұйымдастырушылар халықтың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттеріне, эвакуациялау және алғашқы көмек көрсету бойынша жұмысшы персоналмен машықтануларға арнады.

Akcia Astana Астана қаласы ТЖД 1-наурыздан бастап елордамызда «Қауіпсіз балалық шақ» акциясы басталғандығын хабарлайды.
Балалар - біздің болашағымыз. Алайда, көп жағдайларда біз балалардың өмірі бақытты және шаттыққа толы болуын, олардың басына ешқандай қауіп-қатер төнбеуін ойлаймыз ба?!