24 ZKO Қазіргі таңда жемқорлық кез келген елдің экономикалық өсуіне кесірін тигізер маңызды факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан Қазақстанда бұл мәселемен күреске жалпы мемлекеттік мәртебе беріліп, қоғамдық әрі саяси ұйымдармен бірге жолын кесу, алдын алу бойынша көлемді шаралар жүзеге асырылуда.
Бұл бағыттағы белсенді жұмыстар БҚО ТЖ Департаментінде де жүргізілуде.

25 Atyrau Ағымдағы жылдың 10 ақпанында Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі А. Жұманов «Caspian news» телеарнасының «Бүгінгі тақырып» бағдарламасында сөз сөйледі.
Бағдарламаның басты тақырыбы - қаладағы өзекті мәселе болып табылатын өрт қауіпсіздігі.
Сұхбат барысында хабардың жүргізушісіне Абдулқапар Жақсылықұлы өрт статистикасын келтірді.

21 PVLDr ABAi 1 Павлодар облысында Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу басталды. Іс-шараның басты мақсаты-қазақтың ұлы ақыны, ғұламаның мұрасына баулу. Бұл қазақстандықтардың жас буыны: оқушылар, студенттер, қызмет ететін жастар, әр түрлі мекемелер мен ұйымдардың жас қызметкерлері үшін өте маңызды.