29 Aqtobe Sport 1 3 қазанда Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылының орталық стадионында Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметі гарнизоны бөлімшелері арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша облыстық чемпионат басталды. Екі күнге созылған қызу тартыста 20 өрт сөндіру бригадасы күш пен жылдамдық, ептілік және шыдамдылық бойынша жарысты.

15 Mangistau 4empionat mira 1 2019 жылы қыркүйек айының 8-16 күндері аралығында Ресей Федерациясының Саратов қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ұлдар мен жасөспірімдер арасында IX Әлем чемпионаты және қыздар мен жасөспірімдер арасында V Әлем чемпионаты, өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XV Әлем чемпионаты және әйелдер арасындағы VI Әлем чемпионаты өтті.

16 PVLDr akcii PB 1 Жылыту кезеңінің басталуымен өрттердің басым бөлігі жеке секторға тиесілі. Өрттің негізгі себептері тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы, тұрмыстық электр техникасы мен электр сымдарын пайдалану, пеш түтін мұржаларының ақаулығы, балалардың отпен ойнауы, қасақана өртеу болып табылады. Сондай-ақ өрт себептерінің бірі, кейде адамдардың қаза болуы мас күйінде темекі шегу.