18 Jambyl voditel 1 2019 жылдың 4 қазанында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі өрт сөндіру бөлімшелерінің жүргізушілер құрамының арасында кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында, «Жылдамдық маневрі бойынша үздік жүргізуші» байқауы-конкурсы өткізілді. Аталған шараның мақсаты - жүргізушілер арасында өрт сөндіру автокөлігін басқаруға дағдылану, тәжірибе деңгейін анықтау болып табылады. Жалпы жарысқа 19 жүргізуші қатысты.

19 SKO pered 2019 жылғы 7 қазанда облыстық «Qyzyljar»телеарнасының «Сұхбат» бағдарламасында «Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің» қадр жұмысы бөлімінің аға инспекторы, азаматтық қорғау майоры Жазира Құрманқызы сөз сөйледі. Бағдарламаның басты өзекті мәселесі жасөспірімдердің ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуге насихаттау бойынша кәсіптік бағдарлану жұмысы болды.

20 Mangystau vakans 1 Ақтау қаласының 31 шағын ауданындағы «Мағаш» әмбебап базары аумағында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері бос лауазымдарды толықтыру және ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына колледж, мектеп түлектерін жинақтау мақсатында жәрмеңке өткізді. Жәрмеңкеде азаматтық қорғау органдарына қызметіне орналасу және Көкшетау техникалық институтына күндізгі оқу бөліміне түсу бойынша талаптары мен шарттары түсіндірілді.