28 Mang PTU 1 Ақтау қаласында «Ардагер» сауда орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.
Оқу-жаттығудың мақсаты – шартты өрт азық-түлік бөлімінің тоңазытқыш камерасында қысқа тұйықталу салдарынан пайда болды және жақын орналасқан агрегаттардың жанғыш конструкциялары бойынша тез таралды.

29 karaganda 12 наурызда «Қарағанды облыстық қан орталығы» КМК мамандары Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметіне донорлық қан дайындау үшін келді.
Қажетті іс-шараларды орындау үшін негізгі пункт (лаборатория, тіркеу бөлімі, терапевт, қан алу) Өрт техникалық орталықта орналастырылды.

30 kostan 1 Ағымдағы жылдың 12 наурызында Қостанайда Жеңіс саябағында «Біз-Жеңістің мұрагерлеріміз!» Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына арналған эстафета өтті.
Атақты Панфилов дивизиясының Жауынгерлік туының көшірмесін тапсыру және салтанатты сапқа тұру үшін жүздеген қостанайлықтар жиналды. Біздің қаламызға стягты Ақтөбе гарнизонының әскери қызметшілері алып келді. Марш дыбысымен құрметті қарауыл № 6697 әскери бөлімінің басшылығына ту көшірмесін берді.