Қыс мезгілі басталғаннан Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жәнібек ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің, 20 ӨСБ-нің қызметкерлері аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, аудан аумағында қыс мезгілінде төтенше жағдайларды алдын алу шараларын ұйымдастыруда.
Аталған шараларға жергілікті атқарушы органдардың, жол полициясының, газ шаруашылығының және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысуда. Шаралар барысында қызметкерлермен аудан аумағындағы тұрғын үйлер араланып, білім беру нысандарында, мекемелерде және халық арасында дәрістер және мектептерде сабақтар ұйымдастырылды.
Тұрғын үйлерді аралаған кезде басты назар аудан аумағында тұрмысы нашар, жалғыз басты қариялар және мүгедектердің аударылып, қыс мезгілінде төтенше жағдайлар мен өрттерді алдын алу туралы әнгімелесулер жүргізілді.
Халық арасында және мектептерде өткізілген дәрістерде өрт қауіпсіздігі, қыс мезгіліндегі жол апаты, жолдағы қауіпсіздік, көк тайғақ, мұздағы қауіпсіздік мәселелері қаралды. Сонымен қатар мектептерде оқушылар мен қызметкерлер арасында өрт сөндіргішпті қалай қолдану керек екенін көрсету және эвакуациялау жаттығулары ұйымдастырылды.
Дәріс барысында қатысушыларға қыс мезгіліндегі қауіпсіздік, егер далада боранда қалсыңыз не істеу керек, мұздың үстіндегі іс-қимылдар және қауіпсіздік, «Дабыл» сигналын естігенде не істеу керек, көк тайғақ болған кездегі жүру тәртібі, ғимаратта өрттің алдын алу, өрт кезінде не істеу керек, күнделікті электр аспаптарын қолдану тәртібі, қыс мезгіліндегі жол жүру тәртібі туралы және т.б. мәселелер қаралды және қатысушыларға жоғарыда аталған мәселелер бойынша слайдттар мен бейнероликтер көрсетілді.
Сонымен қатар, мектеп қызметкерлерімен әсіресе өрт қауіпсіздікке жауапты қызметкерлерімен және әдіскерлерімен нұсқаулық жүргізіліп, өрт қауіпсіздік сабақтар мен жаттығуларды жиі өткізуге ұсыныс берілді.
Сондай-ақ, мектеп басшылығына мектепте жиі қауіпсіздік сабақтарын өткізу және балаларды өрт сөндіру бөліміне шақыру және оларға экскурсия ұйымдастыру ұсынылда.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД
Жәнібек ауданының ТЖБ