Шығыс Қазақстанда қысқа қаншалықты дайын екендігі және қандай жұмыстардың атқарылғандығы туралы ақпаратпен Шығыс Қазақстан облысы ТЖД, білім беру басқармасының және жол қызметтерінің мамандары брифингте журналистермен бөлісті.
2016 жылғы қарашадан бастап ШҚО аумағында 92 мм қар түскен, айлық нормасы 50 мм, бұл шамасынан 1,84 асып кеткен. Ауа-райының нашарлауына байланысты облыстық жолдары 13 рет жабылды, дизельді отынды жағатын көліктердің қозғалысына оқтын-оқтын шектеулер енгізілді. Қазіргі таңда құтқарушылар 40 рет құтқаруға шықты, нәтижесінде шамамен 200-дей адам шығарылды, 13 құтқарылды. «Жергілікті көлемдегі табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ жою іс-қимылдары жоспарына сәйкес күштер мен құралдар, жеке құрамнан 2500-дей адам, 397 бірлік техника, соның ішінде оның 159-ы өтімділігі жоғары техника дайындыққа келтірілді, олар қар борасындарына ең шалдыққыш аудандарда шоғырланған», - деп түсіндірді ШҚО ТЖД ТЖЖБ бастығы Азамат Қапышев.
Қала сыртындағы автомобиль жолдарында 16 жылыту бекеттері дайындалған. Республикалық автожолдарда зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін Апаттар медицинасы орталығының 4 күре жолдық медициналық-құтқару пункттері бар. Олардың 2-уі Жарма ауданында, 1-уі Бесқарағай және 1-уі Ұлан ауданында.
«Облыстың 5 ауданында, атап айтқанда Риддер қаласы, Глубокое, Зырян, Катонқарағай және Көкпекті аудандары қар көшкіні қаупіне шалдыққыш. 24 қар өлшеу-көшкін бағдары әзірленген. 207 қар өлшеу сырықтары орнатылған. Ең қауіпті учаскелерге автожолдардың бойы жатады, олардың ұзақтығы шамамен 262 шақырымды құрайды. Қауіпті тас жолдардың бірі, мысалы «Өскемен-Таулы Үлбі- Северное» автожолындағы 31-37 шақырым, дәл осы жерде демалыс үйлері, шаңғымен сырғанайтын асулар мен арқан жолы бар. «Самар-Өскемен» жолындағы 101-109 шақырым. Алайда, ең қауіпті учаскенің бірі «Өскемен-Зырян» жолындағы 58-65 шақырымда орналасқан. Көктерек асуынан асқанна кейінгі тас жол учаскесінде 68 көшкін лақтырғыш бар» - деді ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу бөлімінің бастығы Алексей Штыкель.
Бүгін, түс кезінде «Қазселденқорғау» және ШҚО ТЖД қызметкерлері профилактикалық қар көшкін түсіруді жоспарлаған.
Журналистер бүгінгі күнгі өзендердің жағдайын да білгісі келді. Мамандар оларды тыныштандырды, себебі бір оқиға ғана - Семейдегі Ертіс өзеніндегі ғана болған мұз құрсауы жағдайын ғана айтып өтті. Қазіргі таңда су деңгейі 420 см құрайды. Гидробекет кезекшілері әр 4 сағат сайын көрсеткіштерден мәлімет береді. Соңғы 3 күнде су деңгейі біршама төмендеді. ШҚО ТЖ департаментінде жедел штаб құрылған. Жағдай бақылауда.
Көктем қандай болады? Ол туралы айту әлі ерте. Шығыс Қазақстанда ауа-райы өзінің тосынсыйларымен таңқалдыруда: арты қарға ұласқан қар немесе керісінше қақаған аяз, күрт жылынуға ұласады. Алайда мамандар көктемнің келуіне алдын ала дайындық жоспарларын әзірлеуге кірісуде.
Шығыс Қазақстан облысының ТЖД