Сөлтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының медициналық – психологиялық бөлімшесі Шрақбек Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай Академиясының оқу сыныбында күндізгі оқу бөлімінің 2, 3 курс қыз-курсанттарына алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқыту сабақтарын өткізді.
Курсанттармен 8 сағат санында «Өмір мен қайтыс болу себептерін анықтау, өмірге қауіпті жағдайлар, олардың шығуы кезіндегі әрекет ету алгоритмі» тақырыбында теориялық курс жүргізілді, сонымен қатар «Оқпен, жаншып-кесіліп, жарықшалардан жарақаттану, газбен уланц, күйіп қалу кездеріндегі алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбы бойынша жаттығу-маникенінде 16 сағат санында қан құйылу, соғып алу, қол-аяқтың шығып кетуі, ашық және жабық сынуы, ақтық жағдай кезінде жүрек-өкпе жансақтауын жүргізу техникасы, ауруханалық емес босану және өмір сүруге қауіп төндіретін басқа жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізгі дағдыларын көрсетумен тәжірибелік сабақтар өткізілді.
Оқу сабақтарын аяқтағаннан кейін алғашқы медициналық қызмет көрсету дағдыларын толық меңгеруге және пысықтау бойынша сынақ қабылданды.
Өмірге қауіп төндіретін жағдайларда алғашқы медициналық қызмет көрсету тәжірибелік дағдысына 120 қыз-курсанттар оқытылды.
Алғашқы медициналық көмек көрсету сабақтарын жүргізу өте маңызды, өйткені шұғыл төтенше жағадйларда қалған тұрғындарға, медициналық білімі жоқ тұлғаларға алғашқы медициналық көмек көрсету негіздері мен білімді дәріптеу.
П.И.Старков
Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы
медициналық-психологиялық бөлімшесінің басшысы-құтқарушы