Принтерге шығару
mang_tsu_1
2016 жылдың 15 қарашысында Маңғыстау облысы Ақтау қаласы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінде Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының басшылығымен «Жер сілкінісі кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және салдарын жою» тақырыбында арнайы тактикалық жаттығу өткізілді.
Келісілген тактикалық ойластыру бойынша жер сілкінісінің салдарынан Ақтау қаласы Ш. Есенов атындағы Университеттің В0502 аудиториясы үйінді астында қалды және студенттер, оқытушылар және қызметкерлер зардап шекті. Басты корпустағы барлық лифтілер тоқтатылды.
Аз уақыттың ішінде ғимараттан адамдарды шығару ұйымдастырылды. Жоғарғы қабаттардан көшіру үшін көтергіш және астобаспалдақ қолданылды. Зардап шеккендердің қалып қойғанын және залал келтірілген жерлерді анықтау мақсатта басты ғимаратта барлау жүргізілді. Бұл адам көп шоғырланатын нысан, онда студенттер, оқытушылар, қызмет көрсететін қызметкерлер бар.
Жаттығуға Маңғыстау облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің өрт–құтқару техникасынан 3 дана техника және 15 адам жұмылдырылды. Одан басқа Апат медицина орталығынан Маңғыстау облысы ТЖД «ЖҚЖ» ММ, Тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасынан, «КЖСА» МКӨ-ден, «АУЭС» МКӨ-ден 5 дана техника және 22 адам құрамында қатысты.
mang_tsu_1 mang_tsu_1
Маңғыстау облысы ТЖД