Өзін және өз отбасын жылыту кезеңінде жазатайым оқиғалардан қалай қорғауға болады? Өрттер қай жерлерде жиі орын алады? Жазатайым оқиғаларды азайту үшін ТЖ департаменті қандай шаралар қолданады? Осы шаралар қаншалықты тиімді? Және қажет болған жағдайда қайда қоңырау шалу керек?
Өрт қауіпсіздігіне тікелей қатысты осы және басқа да көптеген мәселелер "Қазақстан-Актобе" телекомпаниясының күндізгі бағдарламасында егжей-тегжейлі талқыланды. Бағдарламаға құзыретті қонақ ретінде Ақтөбе облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ернұр Өтегенов шақырылды.
Тікелей эфирдегі сұхбатты Ернұр Сапарұлы басты міндеті - азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою іс-қимылдарына дайындау болып табылатын елімізде 16 қарашада басталған "Қыс-2016" республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы туралы хабарламадан бастады.
Бұдан әрі, бағдарламаның жүргізушісі мен телекөрермендердің сұрақтарына жауап бере отырып ТЖД бастығының орынбасары өрттердің алдын алу мақсатында, әсіресе тұрғын үй секторында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айтып, пешпен жылытылатын жеке үйлердің тұрғындарын иіс тиіп қалудан сақтануға шақырды. Өрт сөндіру қызметіне орналасуға ниет білдірген телекөрермен қалай және қайда бару қажеттігі жөнінде толық жауап алды. Сонымен қатар орта мектепті бітірушілерге де оқуға қайда бару мәселесін тыңғылықты ойланып шешу жөнінде айтып өтті. Е.С.Өтегенов Көкшетау техникалық институты туралы қысқаша айта отырып, бұл туралы толық ақпаратты Ақтөбе облысының ТЖД интернет-сайтынан алуға болатынын жеткізді.
Жарты сағаттық бағдарлама барысында Е.Өтегенов телекөрермендердің және журналистің барлық сұрақтарына толық жауап берді.
Ақтөбе облысының ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы