Принтерге шығару
tv_aktobe_1
«Қыс-2016» РКШОЖ бірінші кезеңінің тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары енді ғана аяқталды, ал ақтөбелік РИКА-ТВ телеарнасындағы "Из первых рук" бағдарламасының кешкі санынан Ақтөбе облысы ТЖД бастығының орынбасары подполковник Қ.Қасым республика көлемінде өткізіліп жатқан оқу-жаттығу жөнінде баяндады.
«Жаттығулардың басты мақсаты – біз өткен қыстан қандай қорытындылар шығарғанымызды, биылғы қысқа техникалық, материалдық, кадрлық дайындығымызды тексеру. РКШОЖ шеңберінде тек құтқару қызметтерінің ғана емес, жол, энергетика, коммуналдық шаруашылық қызметтерінің, аудандық және ауылдық әкімдіктердің дайындығы тексеріледі», - деді тікелей эфирде Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
Подполковник Қ. Қасымның айтуы бойынша «Қыс-2016» РКШОЖ Ақтөбе облысында 51 практикалық сабақ өткізу жоспарланып, оларға 500-ден астам адам мен 200 техника жұмылдырылады. Бірінші кезеңнің тактикалық-арнайы жаттығулары - автомобиль жолдарының ұзындығы өте үлкен облысымыздың аумағында қатал қыс қандай да бір тосын мінез көрсеткен жағдайда орын алуы ықтимал келеңсіз жағдайларға біздің дайындығымызды пысықтау.
Қысқы кезеңдегі құтқару жұмыстарының міндетті құрамдас бөлігі – жылыту пункттерін ұйымдастыру. Егер өткен қыста 87 пункт болса, биылғы жылы автомобиль жолдарына жақын маңдарда осындай пункттердің 119-ы дайындалды. Мұнда қар құрсауынан босатылған адамдар жылынуға, қажет болған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету және демалуға жағдай жасалған.
«Бірақ, осындай пункттер санын арттырудың қажеті қанша? Бәлкім, өтімділігі жоғары автокөліктер негізіндегі КУНГ көліктерін немесе автобустарды жылжымалы жылыту пункттері ретінде қайта жарақтау тиімдірек болатын болар? Атап айтқанда, ТЖД 3 бірлік техникасы мобильді жылыту пункттері ретінде пайдаланылады. Мұндай техникалар жергілікті атқарушы органдарда да бар», - деп Қ. Қасым өз идеясымен бөлісті.
Тікелей эфирдегі әңгіме барысында СМС-ескертулерге көңіл бөлмей, жолға шығатын автомобилистер санаты да назардан тыс қалған жоқ. Олар біздің міндетті түрде құтқаратынымызға сенімді. Сонымен қатар, өз қауіпсіздігіне жауапкершіліксіз қарағанымен қоймай, басқа жерде біреуге көмек өте қажет бола қалған жағдайда кедергі келтіруі мүмкін. Құтқарушыларға бір жерден облыстың басқа бөлігіне асығуға тура келеді. Егер үлгере алмаса ше? Әңгіме тапсырыс берушімен жасасқан шарттың талаптары мен жеткізу мерзімдеріне байланысты алыс сапарға шығатын жүргізушілер туралы емес. Жүргізушілердің барлығы осындай міндеттемелермен жүрмейтіні белгілі ғой...
 
tv_aktobe_1
Ақтөбе облысының ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы