Алматы облысының аумағында 2016 жылдың басынан 1215 өрт оқиғасы тіркеліп, өрттерден 124 млн. астам материалдық шығын әкелінді. Өрттерде 25 адам қаза болды, 51 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды.
Талдауға сүйенсек, 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрттер 2%-ға төмендеген, материалдық шығын көлемі 10%-ға өскен. Қаза болғандар саны 11%-ға төмендеген, өрттерде жарақат алған адамдар саны 46%-ға өскен.
Өрттер көбінесе тұрғын секторда болып отыр, Тұрғын үйлерде 731 өрт оқиғасы тіркелген, бұл барлық өрттер санының 70% құрайды.
Ағымдағы жылдың 15 қазанынан бастап облыстың жеке тұрғын үйлерінде от жағу маусымы басталды яғни тұрғын секторда адамдардың улағыш газдан улануы аса алаңдаушылықты тудырып отыр. Оған себеп тұрғындардың жылыту пештерін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып отыр.
Сонымен, жыл басынан бастап улағыш газдан 363 адам улағыш газдан уланған, оның 149 балалар, оның ішінде 6 адам, 2-уі балалар ауыр халде реанимацияға жеткізілген, ал қалғандарына алғашқы медициналық көмек көрсетіліп үйлеріне қайтарлған. Өткен жылмен салыстырғанда жарақат алғандар саны 63%-ға өскен.
Бұл ретте, басым бөлігінде улы газдан халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтар улануда.
Тұрғындардың улануына негізгі себеп болған пештің мұржасына баратын түтін жолының бітеліп қалуы, пештің құрылымындағы күйіктер және жарықтар.
Облыс тұрғындарына шатырларда түтін жолдары өтетін барлық түтін мұржалары мен қабырғаларын тексеріп тұруларын, пеште жиналған күйеден түтіндіктерді ұдайы тазалап тұруларын, пештің үстіне киімдер мен отынды кептіруге болмайтындығын ескертеміз.
Алматы облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау бөлімі