Принтерге шығару
karag_kti_1
Қарағанды облысы түлектері арасында Көкшетау техникалық институтын насихаттау мақсатында шахтерлер астанасына КТИ өртті алдын алу кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты, азаматтық қорғау майоры М.М. Альменбаев келді.
Шара аясында Қарағанды республикалық Т.Бегелдинов атындағы Қарағанды Республикалық әскери мектеп-интернатының, Саран, Теміртау қалаларындағы орта мектептерінің, сонымен қатар №1 және №5 мектеп оқушылары мен Қарағанды техникалық колледжінің студенттерімен кездесті. Сонымен қатар, Көкшетау техникалық институтының өкілі 5 араның «P.S.» бағдарламасына қатысты.
Жас өрендерге КТИ-на түсу туралы ережелер мен түлектерге қойылатын талаптар, сонымен қатар казармадағы өмір мен оқу орнының артықшылықтары айтылды.
Қарағанды политех колледжінде құтқарушы мамандығында оқитын студенттер бірінші болып кәсіби бағдарлау материалдарын тыңдап шықты. Жастар Көкшетау техникалық институтында оқуға қызығушылық танытып, ТЖК мен иснтитут өкілдерімен қызу әңгіме жүргізді.
karag_kti_1 karag_kti_1 karag_kti_1 karag_kti_1
Қарағанды облысының ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы