Принтерге шығару
Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы сараптамасы бойынша, 2016 жылдың басынан – 112 судағы төтенше жағдайлар (2015 жылы 161 төтенше жағдайлар) тіркелген, зардап шеккендер саны - 180 адам (2015 жылы - 317 адам), суға батқандар саны - 49 адам (2015 жылы 81 адам), оның ішінде - 15 бала (2015 жылы - 16 бала). Алматы облысы ТЖД ЖҚЖ құтқарушыларымен - 131 адам құтқарылды (2015 жылы - 236 адам).
Облыстың су айдындарында жылдың басынан мұзда балық аулау кезінде - 6 төтенше жағдайлар тіркелген, зардап шеккендер саны -15 адам, оның ішінде суға батқан адамдар саны - 1 адам және құтқарылғандар саны - 13 адам.
2016-2017 жылдары облыс аймағында су қоймаларында (мұзда) қыс мезгілінде адамдардың өліміне жол бермеу мақсатында оқыту мекемелерінде «Мұзда абай бол» атты тақырыбында сабақтар жүргізілуде. Сондай-ақ, Департаменттің аудандық бөлімшелерінің қызметкерлерімен 40-тан астам рейдтік іс-шаралар және де балық ұстау бригадалары мен кәсіпқой-балықшыларға 600-ден астам сұхбат жүргізілді, 1000-нан аса жаднамалар мен кітапшалар таратылды.
Сондай-ақ, 2016–2017 жылдар аралығына интерактивтік сабақ өткізу жоспарланған. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында «Қыс мезгілінде қатып қалған су қоймаларынан өткелдерді өтудегі негізгі қауіпсіздік ережелері» атты тақырыбында интерактивтік сабақ жүргізіледі.
Алматы облысы ТЖД
Жедел-құтқару жасағы