Принтерге шығару
kyzil_agita_1
Күзгі және қысқы мезгілде жылыту маусымында тұрғын үйлерде өрттердің көбеюі байқалады. Бұл жағдайлардың алдын алу бағыттарының бірі - үгіт-насихат жұмыстары болып табылады. Осыған орай, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыс бойынша қарқынды жұмыстар атқаруда.
Ең басты мақсат, іс-шара барысында тұрғындарды өрт қауіпсіздік ереже талаптарымен және тұрмыстағы электр немесе газ қондырғылары және от жағу пештерінің қауіпсіздік жағдайын ретке келтіру болып табылады.
Осы бағытта, Қызылорда қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен қалаға қарасты жақын орналасқан ауылдық елді мекендерде өрттің алдын алу мақсатында үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.
Қарқынды жұмыс барысында  тұрғындарға өрт қауіпсіздігі жөнінде, газ аспапаптары мен электрқұралдарын, жылыту пештерін пайдаланудағы қауіпсіздік жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, азаматтармен сұхбаттасты. Іс-шара барысында балаларға ерекше назар аударылып, олармен әнгімелесіп жарқын түсті «Баланың отпен ойнауы» тақырыбында үнпарақтар таратылды.
Сонымен қатар, жылыту маусымы басталар алдында облысы бойынша 5 «LED» экрандарда бейне роликтер көрсетіледі, тақырыбы: «Тұрмыстағы өртке жол бермеңіз», «Балаларды қараусыз қалдырмаңыз» және «От жағу пешінің қауіпсіз пайлану» жөнінде.
kyzil_agita_1 kyzil_agita_1 kyzil_agita_1
Н. Абибуллаев
Қызылорда облысы ТЖД
азаматтық қорғау лейтенанты