Принтерге шығару
lekcia_kost_1
Ағымдағы жылдың 10-ші қарашасы, «Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ төтенше жағдайларды алдын алу бөлімінің қызметкерлерімен Б. Момышұлы атындағы №5 орта мектебінде «Қысқы мерзімге тән төтенше жағдайлар» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәріс барысында мынадай сұрақтар қарастырылды:
1. Қысқы мерзімге тән табиғи төтенше жағдайлар (қар басулар, қар жауу, борандар).
2. Қысқы мерзімге тән техногенді төтенше жағдайлар (жылыту жүйелерінің, суық жыл мезгілінде жылы сумен қамтамасыз ету жүйелеріндегі апаттар).
Сонымен қатар аймаққа тән ең қолайлы табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар, сондай-ақ оларды жүйелеу, табиғи құбылыстар және техногенді апаттардың сипаттамасы, бағытталған іс-шаралар ТЖ алдын алуға және оларды салдары жоюға баяндалды.
Тыңдаушылардың назарындағы қосымша сұрақтарға жауаптар берілді. Мысалы, халықты құлақандыру жүйелерінің жұмысы, ауа райы жағдайларын болжау тәртібі мен Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Қокшетау техниқалық институтына оқуға түсу туралы.
Дәрістік сабақ аяқталысымен тыңдаушыларға қыс мезгілінің ТЖ алдын алу, жою, сондай-ақ төтенше жағдайлар уақытында жүріп-тұру және қауіпсіздік ережелері бойынша бейнероликтер көрсетілді.
lekcia_kost_1
Қостанай облысының ТЖД
ТЖ алдын алу бөлімі