Бүгңінгі таңда Атырау облысындағы өзекті мәселелердің бірі - көмірқышқыл және табиғи газбен улануы болып табылады. 2015-2016 жылдарының жылу беру маусымы кезінде көмірқышқыл газынан улану, газ жабдықтарының ақаулығы және жарылыс салдарынан 24 оқиға тіркеліп, нәтижесінде 55 адам (оның ішінде 26 бала) зардап шегіп, 4 адам (оның ішінде 1 бала) қаза болды.
Бұл қайғылы оқиғалардың орын алу себебі неде, көгілдір отынмен қандай қайғылы жағдайлар байланысты, бұндай қайғылы жағдайларға жол бермеуге болады?
Жүргізілген талдау нәтижелері бұл қайғылы жағдайлардың орын алу себептері қауіпсіздік ережелерін сақтамауы салдарынан орын алғандығын көрсетті. Басты себептері бұл мұржаның бітелуі, жарамсыз пеш құралдарын пайдалануы, пештің күйюі және жарылуы.
Тұрмыста табиғи газды және жеке тұрғын үйлерде жылыту пештерін пайдалануда, адамдардың жарақаттануы мен қаза табу жағдайларының алдын алу және санын азайту мақсатында, Атырау облысы Төтенше жағдайлар Департаментімен қауіпсіздік сақтауды күшейту бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Бұл рейдтік іс-шаралар кезінде "Газ қазандықтары мен жылыту пештерін пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтайық" тақырыбында 975 тұрғын үйлер араланып, 4875 адамға жадынамалар таратылды.
Адамдардың жарақаттануы мен қаза болуын азайту және алдын алу мақсатында, 2016 жылдың 11 қараша күні Атырау облысының Төтенше жағдайлар Департаментінің Дағдарыс орталығында Департамент бастығының орынбасары полковник З.А.Бердашевтің төрағалығымен және жергілікті атқарушы органдарының өкілдері мен газшаруашылығы мекемелері атап айтқанда «ҚазТрансГазАймақ» АҚ АФ, «Атыраугазинвест» ЖШС, «Жылыойгаз» ЖШС және «КҚЕО-Атырау» ЖШС қатысуымен семинар-кеңес өткізілді..
Семинарға шақырылған тұлғалар осы бағытта өткізілген жұмыстар туралы ақпарат беріп және газ жабдықтарына, мұржа мен үйдегі желдету құрылғыларын пайдаланудағы қайғылы жағдайлардың алдын алу бойынша мен ұсыныстар беріп, осы бағыттағы жұмыстарды Департаментпен тереңдетілген түрде бірлесіп жүргізуді талқылады. Семинардың нәтижесінде газ шаруашылығы мекемесінің өкілдері, осыған ұқсас мәселелердің қайғымен аяқталатын оқиғалардың санын төмендету жөніндегі қызметкерлердің қойған барлық сұрақтарына тұжырымды жауаптарын берді.
Барлық азаматтарды өз өмірін сақтау жолында аса ұқыптылықпен қарауға шақырамыз! Пешпен жылыту кезінде түтін құбырларын тексеруді және тазалау жұмыстарын жүргізу, үй-жайды пайдалануда желдеткіш қолдану қажет. Қазіргі заманғы әлемде тұншықтырғыш газбен улану, техникалық прогресс қарамастан, өзінің өзектілігін жоғалтқан емес. Газдың иісі және түсінің болмауы қайғылы жағдайлармен аяқталу қауіптілігі пайызы жоғары екендігін көрсетеді және улы газбен улану кезінде алғашқы көмек көрсету тәсілдерін меңгеруді үйрену мақсатты болып табылады.
Атырау облысының ТЖД
ТЖ алдын алу бөлімшесі