Принтерге шығару
atyr_prov_1
2016 жылғы 11 қарашада 35 жылдан астам өртке қарсы қызмет органында аянбай еңбек еткен азаматтық қорғау полковнигі Сұлтанғалиев Абай Мүсілімұлын салтанатты түрде құрметті демалысқа шығарып салу шарасы өтті.
Атырау облысының ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Өмірзахов Сағынбек Сиратұлы құттықтау сөзінде, Абай Мүсілімұлының көп жылғы және жемісті еңбек жылдары кезінде жетістіктермен қоса қиындықтар да кездесті, алайда ол өзінің қажетті және маңызды қызметті таңдағанына нық сенімді болғандықтан ешқашан да бұл қиыншылықтарға мойыған жоқ. Ол әрқашанда өзінің зор еңбексүйгіштік, жауапкершілік секілді қасиеттерімен ерекшеленді. Сізге ұжым атынан зор денсаулық, күш қайрат, табыс, отбасыңызға амандық, сүйіспеншілік пен бақыт тілеймін дей келе, Сағынбек Сиратұлы салтанатты шара иесіне естелік сыйлықтарын табыс етті.
Құттықтау сөзінен кейін Абай Мүслімұлының күнделікті қызметі және өмірі туралы арнайы дайындалған бейнесюжет көрсетілді.
Абай Мүсілімұлы қызмет атқару жылдарында өзін білікті маман, баға жетпес қызметкер және жан дүниесі тұрғысынан тамаша адам екендігін көрсетті. Оған адалдық, табандылық, мақсатқа талпынушылық және адамдармен қарым-қатынас кезінде туралық секілді қасиеттер тән.
Сонау 1983 жылы ол алғаш рет өрт сөндіруші ретінде Атырау (Гурьев) облысы ІІБ №2 әскерилендірілген өрттен қорғау жасағының №15 әскерилендірілген өрт сөндіру бөліміне келді, Абай Мүсілімұлы өзінің кәсібіне білімін, тәжірибесін, кәсібилігін берді.
1996 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін басшы лауазымдарын атқарды, 2010-2013 жж. - «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы лауазымын атқарып, кейін 2013 жылы ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды, 2015 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінге күнге дейін Атырау облысының ТЖД бастығының орынбасары лауазымын атқарды. Осы жылдар ішінде бірқатар жас қызметкерлерді тәрбиелеп, өзінің кәсіби білімімен аянбай бөлісті.
Құрметті демалысқа шығу, бәлкім, әр адамның өміріндегі ең әсерлі кезеңнің бірі шығар. Абай Мүсілімұлы өзі атап өткендей, бұл күні оның бойын мұң және толқу секілді әртүрлі сезімге бөленді.
Қызмет атқаруы кезінде ІІІ, II, I дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін», «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагері», «Ауғаныстаннан Кеңес әскерлерін шығарғанына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан полициясына 20 жыл» медальдарымен, «ІІМ үздік қызметі үшін», «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» кеуде белгісімен, Украинаның «За заслуги» кеуде белгісімен, «Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, Атырау облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Салтанатты шара соңында Абай Мүслімұлы атына ведомстволық бағынысты қызметкерлердің жүрекжарды тілектері айтылды, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының ардагерлері де құттықтауға келді. Әрқайсысы шын жүректен шыққан тілектерін, ең бастысы мықты денсаулық және табыс тіледі.
atyr_prov_1 atyr_prov_1 atyr_prov_1 atyr_prov_1
Атырау облысының ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы