Жазғы кезеңде су жағасында демалу өте пайдалы және қызықты ермек Күн, әуе және суды дұрыс пайдалану білу адам денсаулығы беріктендіру және нығайту көзі болып табылады. Алайда, судағы барлық жазатайым оқиғалар, шын мәнінде адамдардың жүзе алмайтығынан емес, қарапайым су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан болады. Әсіресе, балалардың ересектерсіз суға түсуі. Бала тіпті шағын жерде де сүрініп құлап, суға бетімен түсіп, тұншығып қалуы мүмкін. Сондықтанда, әр адам, уақтылы жүзуді үйренуі, судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға және зардап шеккендерге көмек көрсетуге қабілетті болуы тиіс.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Бөрлі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау капитаны А. Идалиева балалардың жазғы кезеңдегі судағы демалысын ұйымдастыру мен судан зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету білімімен ата-аналарды ақпараттандыру мақсатында ата-аналар жиналысына қатысты.
Өз сөзінде ата-аналар мен мұғалімдерге: «Бүгінгі кездесудің өте маңызды тақырып талқыға салынып отыр, ол суға шомылу кезіндегі балалардың қауіпсіздік шаралары. Бұл туралы көп нәрселер айтылады, бірақ өкінішке орай қауіп төнеді деп ешкім ойламайды, дегенмен де ешкім келеңсіз жағдайлардан сақтаналмайды. Егерде ересектер суға кетіп жатса, өлімінің негізі оның өзінің абайсыздығы, ал балалардың суға кетуі, әдетте олардың ата-аналарының немқұрайлығында. Суда балалардың өлімің болдырмау бізбен сіздің қолымызда екендігін ескерейік» - деді Алима Идалиева.
Әңгіме барысында, ол суға кету және жазатайым оқиғалар мен жағдайлардың себептерінің статистикасымен таныстырды. Судағы қауіпсіздік ережелері, белгісіз су көздерінде шомылу орнын белгілеу талаптары ерекше назарға алынып, суға кеткен адамға және аяғы құрысқан кезде көрсетілетін алғашқы көмек көрсету техникаларымен тыңдаушыларды тәмәмдады.
Қортындылай келе, ата-аналарға балаларын қадағалау керектігін, оларды қараусыз қалдырмауларын ескертіп, тақырыпқа байланысты жадынамалар таратты.
А. Идалиева
Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің
Бөрлі ауданы ТЖ бөлімінің инженері
азаматтық қорғау капитаны