29 Jambyl u4enie 1 Қазіргі уақытта табиғи катаклизмдер, техногендік авариялар уақтылы және тиісті ден қою қажеттілігін талап етеді. Осы мақсатта 2002 жылы "Қазавиақұтқару" акционерлік қоғамы — ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің авиациясы құрылды, 2013 жылы "Луговое" (Құлан ауылы), "Төле би"(Төле би ауылы), Шығанақ (Бұрылбайтал ауылы) күрең жолдық-медициналық құтқару пункттері құрылды, олар төтенше жағдайларға жедел және тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді.
Мұнда жетуі қиын жерлерде, соның ішінде таулы жерлерде отырғызуды орындауда белгілі бір дағдыларды меңгерген жоғары білікті авиация қызметкерлер еңбек етеді. Тікұшақ ұшқыштары үшін әрбір ұшу маңызды, әрдайым ұшу себебі - төтенше жағдай болып табылады.
Жол-көлік оқиғалары кезінде жиі медициналық қызметкерлер ғпнп емес онымен қоса, өрт сөндіруші-құтқарушылары да қажет болады. Сондай-ақ, күтпеген жағдай туындауы мүмкін және көлікте пайда болған өрт жол бойындағы өте көп болатын құрғақ шөпке өтуі мүмкін. Сол кезде іске ауылдық округтер мен орман шаруашылықтарының ерікті өрт сөндіру құрылымдары кіріседі.
Мысалға, 2018 жылғы 5 тамызда Жамбыл ауданы Ақыртас ауылдық округінде Қырғыз Республикасының Талас облысы шекарааралық аумағында құрғақ шөптің жануы орын алды, төтенше жағдай аймағында бірнеше тәулік бойы кәсіби өрт сөндірушілер, сондай-ақ басқа да өрт сөндіру құрамалары жұмыс істеді.
Жол-көлік оқиғасында зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша облыстың ТЖД күштері мен құралдарының ұшу құрамының кәсіби деңгейін қолдау және жедел ден қою үшін 2020 жылғы 21 мамырда "Ақыртөбе" елді мекенінің аумағына жаттығулық ұшуын орындау жоспарланған, онда мақсаты бойынша күрең жолда апат болды, нәтижесінде автокөлік өрті орын алды және кейіннен күрең жолға жақын орналасқан орман шаруашылығы аумағына тарады. Жол-көлік оқиғасы орнына тез арада облыстық ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері, құтқарушылар- медициналық қызметкерлер, ерікті өрт сөндіру құрылымдары шықты. Төтенше жағдайды жою барысында өртті сөндіру, автокөліктен зардап шеккендерді шығару, психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ оларды тікұшақпен медициналық мекемеге жеткізу бойынша іс-шаралар жүргізілді.
Оқу жаттығуды Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Бағдат Жұмаулы Данилов басқарды.
Жамбыл облысы ТЖД
баспасөз қызметі